Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет199/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   529
Қррқытып-үркіту теориясы
Дифференциалды ассоциация теориясы 
девианттылықты қол- 
дайтын топтар мен орталарда ғана девианттылықты түсіндіріп 
бере алады. Ал қорқытып-үркіту теориясы девианттылықты мү- 
нан кең ауқымда түсіндіреді. Бұл теорияның айтуынш а, адамдар 
конформизмнен гөрі девианттылы қ көбірек пайда келтіреді әрі 
девианттылықтың қатері мен залалы әлдеқайда аз деп сенгендік- 
тен ереже бұзуға барады.
Тартыну теориясы 
құрылымдық-функциялық және символ- 
дық интеракционизм теориясының элементтерін біріктіреді. Деви- 
анттылықты ынталандыру және жазалау жүйесінің лайықсыздығы 
(дисфункциялығы) үшін кінәлайды. Алайда адамдардың девиант- 
тылыққа барар алдында оның зияны мен пайдасын асықпай тараз- 
ылайтынын да айтады (McCarthy, 2002; Jacobs, 2010; Pratt және т.б., 
2006). Яғни символдық интеракционизмнің басқа теориялары сияқ- 
ты, бұл теория да өздерін қоршаған ортаның мән-мағынасын айна- 
ласындағылармен әрекетке түсу арқылы түсінеді.
Тартыну теориясының айтуынша, әлеуметтік құрылымдар 
конформизм үшін лайықты сыйақы бермеген жағдайда адамдар 
девианттылықты таңдауы мүмкін. Мәселен, ешқандай болаша- 
гы жоқ жұмыста істейтіндер әсіресе оны тұтқындау я әлеуметтік 
түрғыдан айыптау ықтималдығы төмен болса, «ұрлық жасасам не 
арақты салынып ішсем жоғалтатыным шамалы, ал табатыным көп» 
деп ойлайды (Uggen, 2000; Sampson & Laub, 2005; McCarthy, 2002). Сон- 
дықтан 2011 жылы Англияның түкпір-түкпірінде үйлерді тонап, 
қиратып, өрт қою оқиғалары көбейгенде, ғалымдар жастардың (әсі- 
ресе азшылық өкілдерінің) арасында «бұл жүйе бізге қарсы» деген 
пікір орнығып қалған деген ой білдірді (Kulish, 2011). Ал, керісінше, 
ата-аналарымен тығыз байланыста болып, мектепте жақсы оқыған, 
өздерін сол мектептің бір бөлігі ретінде сезінген және жақсы жұ- 
мыс істеп жүрміз (жақсы жұмысқа тұрамыз) деп сенген адамдар- 
дың девианттылыққа баруы екіталай, себебі олардың бұдан жоғал- 
татыны көп (Haynie & Osgood, 2005).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет