Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


шаққандағы қамауға алу көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет208/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   529
шаққандағы қамауға алу көрсеткіші
Жасы мен жыныс ерекшеліктеріне 
байланысты сотталған адамдар 
Құрама Штаттардағы жәнебасқа 
елдердегі жасы мен жыныс 
ерекшеліктеріне қатысты сотталушылар 
санының өсуі байқалады. 15 пен 24 
жас аралығындағы сотталушылар 
жас ерекшеліктері бойынша жастар 
санатында саналады; ер адамдардың 
сотталуы әйелдерге қарағанда жоғары.
ДЕРЕККӨЗ: Федералды зерттеу бюросы 
(
2010
).
10-14 15-19 20-24 25-34 35-44 45-54 55-59 60-64 65+
Жас деңгейі


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
179
тығыз қарым-қатынастағы жастар қылмысқа сирек барады (Sampson 
& Laub, 2005; Uggen, 2000).
Қылмыс көбінесе қол бос кезде жасалады. Әдетте бұл ешкімнің 
қадағалауынсыз көп уақытты дос-жаранның ортасында өткізумен 
тығыз байланысты. «Қызықтайтын сауық-сайран қалмады» деп сен- 
делген жастардың көбі қызық үшін түрлі әрекетке барады. Жасөспірім 
шақтың өзіне тән проблемалары мұны одан сайын ушықтырып жі- 
береді. Жастар жаңа достар тауып, жаңа идеяларға бас ұрып жатады 
әрі ересек өмірдегі бостандыққа ұмтылып, оның дәмін тата бастайды, 
бір жағынан, ата-анасының, мектебінің және заңның тәртібі аясында 
шектеледі, сондықтан бұған қарсылық білдіреді (Agnew, 2003).
Жыныстық айырмашылықтар
Тежеу теориясы ерлердің неліктен әйелдерден көп қылмыс жасай- 
тынын біршама түсіндіріп бере алады. Жалпы, ұлдарға қарағанда 
қыздарға тыйым көп, әсіресе орташа дәулетті әулеттерде қыздарға 
қоғамдық бақылау күшті (Chesney-Lind & Shelden, 2004). Ата-аналар 
үлдарының жарым түнде көшеде қыдыруына рұқсат бергенімен, қыз- 
дарының қайда, кіммен жүргенін сұрап, біліп отырады. Қатаң бақы- 
лау қыздардың отбасымен және дәстүрлі институттармен тығызырақ 
қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді әрі олардың бандыға, де- 
виантты топтарға қосылу мүмкіндігін азайтады.
Қылмысты феминизм теориясын талдаушылар да қылмыс- 
тағы гендерлік айырманы өздерінше түсіндіреді. Феминист-әлеу- 
меттанушылардың пікірінше, ерлердің көбірек қылмыс жасауы- 
ның бір себебі - олар билікке қарсы шығып, озбырлық әрекетгерге 
баруды «еркектік» деп санайды. Сондай-ақ феминистер ерлерден 
жыныстық не физикалық зәбір көрген әйелдер үйінен қашып, на- 
шақорлыққа, жезөкшелікке салынып, күйзеліске қарсы зор- 
лық-зомбылық жолымен жауап беруге бейім тұрады деп есептейді 
(Chesney-Lind & Shelden, 2004).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет