Неге жазалаймыз?
Қылмыскерлерді жазалаудың төрт негізгі себебі бар:
•
К ек а л у .
Қылмыскерді жәбірленушінің және жалпы қоғамның ке-
гін алу үшін жазалайды.
•
А л д ы н а л у .
Қылмыскерлерді соттау, түрмеге қамау және басқа
жолдармен бақылауға алу арқылы олардың қылмысты қайта жа-
сауына тосқауыл қойылады.
•
Тежеу.
Жазалау шарасы қылмыс жасағандарды және жасағысы ке-
летіндерді бұл жолға түсуден сақтандырады.
•
Т узет у.
Жазалау шарасы ойдағыдай орындалған жағдайда қыл-
мыскердің мінез-құлқын түзетеді және оны жақсы институтқа
бейімдейді, сол жерде қоғамның заңға мойынсұнған бір азаматы
ретінде жұмыс істейтіндей білім-білік алады.
АҚШ-тың қазіргі қоғамдық бақылау органдары осы тәжірибе-
лер мен философияларды аралас пайдаланады. Дегенмен АҚШ-тың
қылмыстық сот жүйесі түзетуден гөрі жазалау, алдын алу және
тежеу әдістеріне көбірек бейімделген. АҚШ-тың қамау орындары
мен түрмелерінде қылмыскердің білім алуына, оған кеңес беру-
ге, оны ішімдік пен нашақорлықтан емдеуге, оның мінез-құлқын
түзетуге қажет басқа да шаралар өте сирек қолданылады. Ол - ол
ма, АҚШ штаттары 1970 жылдардан бастап кей жағдайларда өте
үзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға (кейде өмір бойына түр-
меге жабуға) рұқсат беретін заңдар қабылдады. Мәселен, «үшке
дейін» тәртібі бойынша, үш реттен артық ауыр қылмыс жасаған
адам (мейлі, ол кісі өлтіру болсын, дүкенде ұрлық жасау болсын),
шартты жаза алу мүмкіндігі берілместен, 25 жылға дейін бас бос-
тандығынан айырылады. Мұндай заңдар «бұл адамдарды түзету
мүмкін емес, оны қоғамнан аластау керек» дегенді білдіреді. Ал
зерттеулерге қарасақ, қылмысты азайтудың ең тиімді жолы - жаза-
ның қатаңдығы не түрме мерзімінің ұзақтығы емес, міндетті түрде
жазалануы (McCarthy, 2002).
Келесі тарауларда қылмыс жасағандарға, күдікке іліккендерге
қарсы әрекет етудегі полицияның, соттың, түрменің және түрмеге ба-
лама мекемелердің рөлін талқылаймыз.
Полиция
Қылмыстық сот жүйесінде полицейлер ерекше әрі шешуші орын ала
ды. Олар ешкім арыз жазбаса да, әрекеттерін ешкім бақылап тұрмаса
да, кез келген адамды тұтқындай алады. Заңның толық әрі біркелкі
орындалуы тиіс болғанымен, олардың мұны жүзеге асыруы мүмкін
емес. 2010 жылғы мәлімет бойынша, АҚШ-та әр мың адамға 3,5 по
лиция қызметкерінен келеді (Federal Bureau of Investigation, 2010).
Яғни полиция ірі қылмыстарға көбірек көңіл бөлуі тиіс. Ал ұсақ
қүқықбұзушылыңтар көбіне назардан тыс қалады.
182
Достарыңызбен бөлісу: |