Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет245/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   529
Өзгермелі жұмыс нарығы
Кедейлік сана теориясы кедейлерді өз жағдайына қанағат ететіні үшін 
жасырын түрде айыптайды. Бұл теорияның сыншылары микродеңгей- 
дегі процестер негізінде кедейлікті түсіндіруге болмайды деп есептейді. 
Олар ең дұрысы, «біз өзгеріс үстіндегі еңбек нарығына баса назар ауда- 
руымыз керек» дейді. Егер еңбекақысы жогары жүмыс орындары болмаса, 
адамдардың неліктен кедей екенін түсіну үшін психоанализ жасаудың 
қажеті жоқ.
Қазіргі замандағы кедейлік құбылысын тануда, өзгермелі еңбек 
нарығының орны белек. XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында 
ауыл шаруашылығынан өнеркәсіптік қоғамға көшу көптеген адам- 
дарға әлеуметтік сатымен жогарылауға мүмкіндік берді. Алайда соң- 
ғы онжылдықта АҚШ-тағы деиндустриализация барысында білімі 
төмен адамдарға жоғары еңбекақы төленген біраз жұмыс орындары 
жойылды (Newman, 1999a, 1999b; Newman & Chen, 2008). Кезінде ата- 
аналар мен ата-әжелеріміз істеген жақсы кәсіподақтық жұмыстардың 
есесіне бүгінгі мектеп түлектері мен университет бітірушілер ецбек- 
ақысы төмен, жеңілдіктер қарастырылмаған, кәсіби дамуға және ке- 
дейліктен арылуға мүмкіндік бермейтін жұмыстарда істеуге мәжбүр. 
Қысқаша айтқанда, кедейліктің басты себебі - жақсы жұмыс орында- 
рының жеткіліксіз болуы.
К едейлік ш егін де өм ір сүр етін топтар /
Халықты ң табысы төм ен ж ік тер і
Кедейлік шегіндегі топтар деп шаруашылыгы бар және кедейліктің 
ресми федералдық деңгейінен екі есеге дейін жоғары табыс табатындар- 
ды (яғни $22,000-дан $44,000-ға дейін) айтады. Америкалықтардың ша- 
мамен 19%-ы осы санатқа жатады (АҚШ Санақ бюросы, 2011). Сонымен 
қатар өмір сүруге қажетті шығындар мен үкімет тарапынан берілетін 
жәрдемақының нақты мөлшерін қоса алғанда, кедейліктің жаңа өлшем- 
дері тұрғысынан америкалықтардың үштен бір бөлігі, яғни 98 млн 
астам адам кедейлік шегінде өмір сүруде. Көптеген зерттеушінің пікі-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет