212
7-ТАРА У
Кедейлік шегіндегі топтар -
баспанасы бар және кедейліктің
ресми федералдық деңгейінен
екі есеге дейін жоғары ақша
табатындар.
Кедейлік мәселесін шешуге арнап отыз жыл бойы жүргізілген
жан-жақты зерттеулер нәтижесінде «кедейлікке жетелейтін - кедей-
лік сана-сезім» деген пікірге аз ғана дәлел табылды (Corcoran, 1995;
Small and Newman).
Зерттеушілердің айтуынша, кедей адамдар орта тагі өкілдеріндей,
жұмыс, білім және тұрмыс құру құндылықтарына көп мән бермейді.
Сондай-ақ олар жасөспірім қыздардың жүкті болуы, кең тараған са-
уатсыздық және жұмыссыздық - кедейлікке ұшырататын себептер
емес, керісінше, кедейліктің салдары деп пайымдайды (Edin&Kefalas,
2006; Newman & Massengill, 2006; Harris, 2011).
Жаңа
зерттеулердің болжауынша, кедейлікті жою үшін мәде-
ни қүндылықтар мен қоғамдық құрылымдар бірлесе (Small, Harding
& Lamont, 2010) ықпал етуі керек. Сондай-ақ егер
жеке табыс деңгей-
іне қарамастан, көршілік құрылымда адамдар өзара қарым-қатынас
құруға талпынса (мысалы, мектептер үнемі
ата-аналарға арналған
іс-шаралар ұйымдастырса), көршілер бір-біріне көмектесіп, топтасқан
бұзақылар мен граффити бейнелеушілері сияқтылардың т.б. істеріне
қарсы наразылығын ашық білдіруге дайын болатын еді (Small, 2009).
Мүндай мәдени және құрылымдық өзгерістер жастарға білім алу, жұ-
мысқа орналасу, тұрмыс құру және кедейлікті
жеңу тұрғысынан ба-
рынша ықпалын тигізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: