Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет277/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   529
242
8 -ТА РА У

Қазіргі латынамерикалық 
I иммигранттардың көбініңжағдайы 
нәшар болғанымен, бұрын келгендерінің 
ұрпақтары орта, тіпті кейде жоғары 
топтың жұмыс орындарында істейді.
рика соғысынан кейін едәуір өсті. 1845 жылдың басында АҚШ қару- 
лы күштері Мексиканың құнарлы жерлерін, табиғи ресурстарын және 
билікті басып алды (Vargas 2010). 1848 жылы Мексика үкіметі елдің сол- 
түстік аумағындагы аймақгарды беруге мәжбүр болды. Сол аймақтарда 
өмір сүрген латынамерикалықтардың көбі кейін көшіп кетті.
Мексика мен Американың арасындағы соғыстан кейін ақ нәсіл- 
ділер АҚШ-тың жаңа жерлерін заңды түрде (дискриминация осы заң 
жүйесінің негізінде құрылған) пайдалануға құқық алды. Олар заң- 
ды өз пайдасына қарай қолданып, тұрғылықты мексикалықтардың 
фермалары мен егістіктерін тартып алды. Шаруашылықсыз қалған- 
дардың көбі кедейлікке ұшырады. Бүдан соңғы жылдары латынаме- 
рикалықтар, олардың ұрпақтары бұрмалау мен дискриминациядан 
көп қиналған. 1960 жылы афроамерикалықтарға мүмкіндіктер ашқан 
азаматтық қүқық қозғалысы оларға да жетті. Сол кезден бері латына- 
мерикалықтардың жетістіктері артып келеді.
Ағымдағы жағдаят
Латынамерикалықтар АҚШ халқының 16,3%-ын құрап, мемлекетте 
кең тараған азшылық топқа айналды. Оларды барл ық штаттан, әсіресе 
Флорида және Мексика, Техас, Аризона сияқты шекаралас жерлерден 
кездестіруге болады (8.2-карта). АҚШ-тағы латынамерикалықтардың 
2/3 бөлігі Мексикадан шыққан, қалғандары Орталық және Оңтүстік 
Америкадан, Кариб аралдарынан келген. Латынамерикалықтар ұлт 
болып саналмайды, олардың бәрі испан тілді болғанымен бірнеше эт- 
иостық немесе нәсілдік топқа жатады.
Сондықтан АҚШ-тағы латынамерикалық топтардың сипаты 
АҚШ-та өзгермелі болды, әлі де өзгеруде. Мысалы, 1960 жылы Куба 
революциясы аяқтала салысымен көшіп келген кубалықтар әдетте 
бекзат ортадан шыққан, қанаушы коммунистік режимнен қашқан 
адамдар деген ой тараған. Сонымен қоса ақ нәсілді болуына бай- 
ланысты олар АҚШ-та латынамерикалықтардан гөрі жақсы қабыл- 
данды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет