Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет273/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   529
НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
239
пен араласып, жаңа америкалық ұлт пайда болды деп қарайды. Алай- 
да шындық анағұрлым күрделі. Әрине, америкалық ағылшын тілінде 
басқа тілдерден алынған көптеген кірме сөздер бар (омбудсмен, франк- 
футер секілді), адамдардың бойында бірнеше ұлттың қаны ағып тұр, 
сондықтан бір ұлтқа тән сипаттар бойынша адамныц шыққан тегін 
анықтау қиын болады. Оның орнына, түрлі мәдениеттердің араласып 
бітісуі АҚШ-тың тілі мен мәдениетіне ассимиляциялануға әкелді. АҚШ 
қоғамына сіңу және әлеуметтік үтқырлықпен ілгерілеуді көздеген түлға 
«дұрыс» ағылшын тілінде сөйлей білуі керек - «дүрыс» акцентпен, ым- 
ишараны артық пайдаланбай сөйлесіп, сенбі күндері жұмыс істеп, жек- 
сенбіде ғибадатханаға барып, жалпы алғанда, АҚШ ушін үстем болған 
Солтүстік және Батыс еуропалықтар мәдениетін қабылдауы қажет.
Ақ нәсілдің бірегейлігі
Ақ америкалықтардың этностық бірегейлікпен байланысы азайған 
сайын әлеуметтанушылар ақ нәсілдік бірегейлік туралы айта бастады. 
Өкінішке қарай, қазір ақ нәсілдік бірегейлікті түсіндіретін маңызды еш- 
теңе болмай қалды. Ерекше ғана жағдайларда, мысалы, ақ нәсілді емес 
адамдардың арасында болмаса өздерінің нәсілі, ұлты ақ нәсілді амери- 
калықтардың ойына келмейтін болды. Ақ нәсілді америкалықтар сок- 
кер емес - футболды тамашалағанда, сальса емес - рокты тыңдағанда
картоп емес - алма бәлішін жеп тамсанғанда өздерінің осындай таңдау 
жасайтыны ақ нәсілге тәндігімен байланысты екенін түсіне бермейді.
Ақ нәсілдің артықшылығы
Ақ нәсілді америкалықтар өздерінің нәсілдік санатына көп мән бермей, 
бір жағынан, алаңсыз өмір сүріп, яғни қауіпсіз ауданда түруының, жад­
ен жүмыс істеп, беделді оқу орындарында білім алуының арқасында, 
нәсілдің іргесі өздері тумастан бұрын құрылған теңсіздік жүйесі негізін- 
де қаланғанын ескере бермейді. Мысалы, афроамерикалықтар нәсілдік 
себеппен жұмысқа қабылданбай жатқан сәтте, жұмыс іздеген ақ нәсілді 
америкалықтардың көбінің мүмкіндіктері күн сайын артқан.«
А қ
нәсіл- 
дің артыдшылыгы» термині ақ нәсілді америкалықтарға терісінің 
түсі ақ нәсілді болғанына ғана байланысты берілетін ерекше мүмкін- 
діктер мен жеңілдіктерден туындаған (Rothenberg 2002). «Ақ нәсілдің 
артықшылығы» білінсе де, білінбесе де, тілесе де, тілемесе де барлық ақ 
нәсілді америкалыққа пайда келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет