Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Заңдасты ры лған н әсіл ш іл д ік



Pdf көрінісі
бет271/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   529
Заңдасты ры лған н әсіл ш іл д ік
Қорыта айтсақ, заңдастырылған нәсілшілдіктің салдары ретінде нә- 
сілдік пен этностық теңсіздік әлі де сақталып отыр. Заңдастырылған 
нәсілшілдік күнделікті әрекеттер мен әлеуметтік келісімдер жүйелі 
түрде нәсілдік-этностық теңсіздік тудыратынына көз жүма қарап, әділ- 
дік деп санаудан пайда болады. Мысалы, сығандарға қатысты (басқаша 
рома деп аталады) бұрмаланған пікір мен дискриминация - Чехияда 
қалыпты жағдай. Сыған балаларының түгелге жуығы ойлау қабілеті 
төмен, мүгедектерге арналған мектептерде оқиды. Чехия билігі сыған 
балалары стандартты көрсеткіштерге қарай осындай мектептерге 
орналастырылған деп дәлелдейді. Бірақ мүндай саясат балалардың ке- 
лешекте чех қоғамында табысқа жету мүмкіндігін шектейді. АҚШ-та 
мектепаралық сегрегация мен бақылау нұсқалары нәсілдік теңсіздікті 
күшейтеді.
Дискриминацияның артуы
Заңдастырылган нәсілшілдік - 
бейтарап процестердегі қалыпты 
әрекеттер нәтижесінде көпшілік 
пен азшылық топтар арасында 
жүйелі түрде теңсіздіктіц орнауы.
Нәсілдік және этностық теңсіздікті құрайтын - бұрмаланған пікір, 
дискриминация, сегрегация және заңдастырылған нәсілшілдік. Бұл 
теңсіздік жүйесі әлеуметтік таптар арасындағы теңсіздік себебінен 
одан сайын өршиді. Мұны 8.1-кесте арқылы тусінуге болады. Кестеде 
көрсетілгендей, әртүрлі нәсілдік-этностық топтардың өзара теңсіздік 
көрсеткіштері бір-біріне жақын: әр үш топта да бай отбасылардың
Сығандарға (немесе ромаларға)

қатыстыбұрмаланғанпікірмен 
дискриминация Европада жиі кездеседі. 
Мунда оларды күштеп көшіру, тұрғын 
үй жағдайының өте нашарлығы және 
стандартқа сай емес білім беру қалыпты 
жагдайға айналған.


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
237
20%-ы табыстың тең жартысына ие. Екінші жағынан, үш топты салыс- 
тырсақ, латын және афроамерикалық отбасыларға қарағанда, ақ нәсілді 
америкалықтардың орташа табысы 1,5 есе көп екенін байқаймыз.
Егер табысқа емес, байлық мөлшеріне қарасақ, ондағы айырмашы- 
лық тіптен алшақ. 8.1-кестеде көрсетілгендей, ақ нәсілді америкалық 
отбасылардың орташа меншік капиталы $113,149 құраған. Бүл көрсет- 
кіш латынамерикалық отбасылардың табысынан 18 есе, ал афроаме- 
рикалық отбасыларынан 20 есе жоғары. Этностық топтар арасындағы 
табыс теңсіздігі әрқашан жоғары болған, бұл көрсеткіш 2008 жылы 
басталған экономикалық құлдырау кезінде одан сайын артты. АҚШ-та 
нәсілдік және этностық теңсіздіктің жалғасу себебі - табыстағы нәсіла- 
ралық айырмашылығында емес, байлықтагы нәсілдік және этностық 
айырмашылықта.
А Қ Ш - т а ғ ы н ә с і л д і к ж ә н е
э т н о с т ы ң т е ң с і з д і к
Нәсілдік және этностық теңсіздіктің болуы жаңалық емес. Бұл та- 
рауда АҚШ-тағы іріктелген нәсілдік, ұлттық және этностық топтар- 
дың ертедегі, қазіргі және болашақгағы әлеуметтік жағдайын тал- 
қылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет