Ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент «Оқытудың ақиқаты мақсатты білім емес, іс-әрекет»



бет1/5
Дата31.01.2022
өлшемі10,19 Kb.
#116644
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектептің жаңашыл ғылыми


Мектептің жаңашыл ғылыми-әдістемелік жұмысын

ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент

«Оқытудың ақиқаты мақсатты білім емес, іс-әрекет»

Философ Ф.Бэккон

Еліміздің қарқынды дамуы педагогикалық қауымның алдына көптеген мақсаттар қоюда. Оның басты талаптарының бірі – ұстаздың өмір бойы оқып, жас ұрпаққа заманына сай білім беру.

Бүгін оқу мекемелері жаңашылдыққа қызығушылықпен қарайды, себебі, өздерінің бәсекеге дайын болуларын қамтиды. Мектеп қызметін тиімді атқару үшін өзіндік жұмыс жүйесі және осы үдерісті жүзеге асыра алатын педагогтар қажет. Көптеген жаңашыл өзгерістерді енгізу заманға сай ғылыми-әдістемелік саланы қамтуды талап етеді.

Республикада білім беру жүйесі қоғамдауымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары. Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісте заманауи технологиялық мәселесі маңызды болып саналады. Сондықтан басқару жүйесіндегі әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Бүгінгі таңдағы өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады.

Білім беру жүйесінде басқарудың ең тиімді жолдарының бірі ретінде мұғалімдермен әдістемелік жұмыстарды үйлестіру мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының басты міндеті. Мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстарды дұрыс үйлестіру кезеңінде директордың орынбасары келесідегідей қағидаларды үнемі назарда ұстау қажет:

-әдістемелік жұмыстың ғылымилығы; жүйелігі

-әдістемелік жұмыстың кешенді және шығармашылық сипаты;

-мұғалімдердің барынша белсенділігі;

-әдістемелік жұмыстың нақтылығы;

-әдістемелік жұмыстың барлық іс жүзіндегі бағыт-бағдарында теорияның тәжірибедегі бірлігі;

-әдістемелік жұмыстың жеделдігі, икемділігі, оңтайлығы;

-әдістемелік жұмыс пен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және жеке, формальды емес, міндетті және ерікті нысандары мен түрлерінің ақылға қонымды үйлесімді ұжымдық сипаты.

-желілік және кәсіби қоғамдыстық пен коучинг сессияларын ұйымдастыру

-зерттеу сабақтарын (LESSON STUDY) өтізу.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының басты тұлғалық сипаты – ұжым мүшелерімен тіл табыса білуі. Вернер Зигерт пен Лючии Лангтың «Қақтығыссыз басқару» бағдарламасын басшылыққа алу. Авторлардың «Кемшілік іздеу үшін тексеру ең нашар басқару...» пікірін орай достық қарым-қатынастағы, шығармашыл, бір-біріне көмеккке келуге дайын, жағдаяттарды бірлесіп шешетін және шығармашылыққа, зерттеушілікке ұмтылатын ұжым мүшелерін даярлау оқу ісі меңгерушісінің міндеті деуге болады. Мұғалімдерге сенім арту арқылы кретивті ойлауға, ізденімпаздыққа жетелеу қажет, яғни оқымысты, акдемик, Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капицаның айтуынша «Сезімсіз кез-келген адам, тіпті данышпан болса да жақсы жұмыс істей алмайды».

Қазіргі жаңартылған білім жүйесінің талаптарына сай болу үшін басшылық тарапынан әр ұстаз өзіндігінен кәсіби дамуына, шығармашылыққа және жаңашылдыққа дайын болуына  жүйелі жағдай жасалуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет