Ұйымдастырудағы мектепішілік менеджмент «Оқытудың ақиқаты мақсатты білім емес, іс-әрекет»



бет4/5
Дата31.01.2022
өлшемі10,19 Kb.
#116644
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектептің жаңашыл ғылыми

Директордың функциялары:

  • ғылыми-әдістемелік жұмысының стратегиялық бағыттарын белгілеу;

  • педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін өсіру дайындығын жүргізетін жауапты адамдарды тағайындау;

  • кадр қажеттілігін болжау;

  • қызметкерлерді марапаттау;

  • мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын бағалау.

Оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасар мен әдістеме бірлестік жетекшілерінің функциялары:

  • ғылыми-әдістемелік жұмысының сапасын бағалау мен жүзеге асыруды бағыттау;

  • ұстаздарды оқыту процесін басқару;

  • жас мамандардың дағдылануына ықпал көрсету және тәлімгер бекіту.

Жоғарыда көрсетілген жоспарланған ғылыми-әдістемелік жұмыс нәтижелі болғанымен ұстаздардың кәсіби дамулары үшін ынталандыруды ұмытпағанымыз жөн.

Төменде ғылыми-әдістемелік жұмысқа белсенді қатысып, кәсіби дамуы тиімді болуы үшін қызметкерлерді марапаттау және ынталандыру жолдарын көрсетейік:

өзіндік жұмыс істеп, шығармашыл педагогикалық қызметті жүзеге асыруғы ынталандыру үшін авторлық бағдарламалар жасауға, оны аудан, облыс деңгейінде танытып, таратуға көмек көрсету;

жеке дамуына, жаңа ақпарат алуға ынталандыру үшін курсқа, тәжірибе алуға жіберу; әдістеме жұмыспен шұғылуға уақыт бөліп беру;

әлеуметтік жетістікке ынталандыру үшін баяндама оқуға және тәжірибе алмасуға әр-түрлі семинарлар мен конференцияларға жіберу; баспаларға мақала дайындауға көмек көрсету; мектепішілік әдістеме жұмысын басқаруға тарту, әріптестеріне семинарлар, курстар өткізуге құқық беру;

ұжымның қызметіне қатысуға ынталандыру үшін мектептің маңызды мәселерін шешетін түрлі органдарына тарту;

тұрақтылық пен қорғаулы екенін сезу үшін ұжымдағы орны кепілді болғанын білдіру;

бәсекелестікке ынталандыру үшін марапаттауларға ұсыну,

      Қазіргі заманға сай ынталандыру (мотивация) беру жолдардың бірі – рейтинг жүйесі. Мұғалімдер ұжымының рейтингін шығаруға мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысады. Рейтинг талаптарына педагогтардың кәсіби шеберлігі, пәні бойынша өзінің және оқушыларының білім мен біліктілік деңгейі, психологиялық ортаға бейімделу, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу, кәсіби дамуының динамикасы, озық тәжірибесін тарату және т.б. критерийлер кіреді.

Әдістеме жұмысының ең тиімді басқару әдісінің бірі – талдау және жоспарлау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет