Мектептегі әдістеме-ғылыми жұмысы жетістігінің көрсеткіші – білім беру үдерісінің деңгейі.
Оның критерийлері ретінде:
оқушылардың осы мектепте оқып жатқанына қанағаттанулары;
оқушылардың мектепке берген жоғары бағалаулары;
педагогтардың кәсіби беделдерінің биіктігі;
педагогтар мен оқушылардың тіл табысу деңгейі;
ата-аналардың мектепке деген сыйлаушылығы;
ата-аналардың, оқущылардың, мектеп түлектерінің көмек көрсетуге әрдайым дайын болулары;
педагогтар мен оқушылардың шығармашылыққа бейімді болуы;
мектептің сүйікті ұстазы болу үшін ұстаздардың кәсіби шыңға жетуді мақсаттау;
жекелеп және деңгейлеп оқытудың мүмкіндіктерін қолдана білу;
сабақтағы және сабақтан тыс, сыныптық және сыныптан тыс қызметтерді байланыстыра білу;
педагогтың қазіргі уақыттың түрлі білім беру әдістерін тұрақты қолдана білуі табылады.
Бүгінгі күні мектеп ұжымының атқарып жатқан ғылыми-әдістемелік жұмысы тереңінен білім сапасын арттыруға ықпалын көрсетуде. Олай болса, алдымызға қойған бағытымыз дұрыс деп санаймын.