270
9-ТА РАУ
қызметке жылдам жетеді (Williams, 1992, Hultin, 2003) (Ridgeway, 2011;
Elliot & Smith 2004, Maume, 2004; Cotter et al, 2001). Керісінше, ер адамдар
басым ұжымдардағы әйелдер «шыны шектеуішке» кезігеді. Бұл- әйел-
дің жоғары қызметке жетуіне жол бермейді, кейбір жағдайларда оның
жұмыстан шығуына себеп болады. Әйелдерге құзыретсіздігіне қарай
жыныстық қатынасқа итермелеу жасалады деген сылтаумен бейрес-
ми көшбасшылықтан және шешімдер қабылдау жүйесінен шеттетіле-
ді. Мундай жағдайларда «шыны шектеуіші» нығаяды.
Г е н д е р ж ә н е б и л і к
Макс Вебер айтқандай, бедел мен биліктегі айырмашылықтардың
маңызы экономикалық жетістіктегі айырмашылықтардың маңы-
зынан кем емес. Бул жетістіктерге жүгінсек, біз әйелдер үшін жүйелі
түрде қолайсыздық туып отыратынына тағы куә боламыз. Отбасын-
да, бизнесте, діни қауымдарда және басқа жерлерде әйелдер көбінесе
билік басына келе алмайды.
Ә леуметтік институттардағы билік
тең сізд ігі
Әйелдерді бағынышты етіп ұстау әлеуметтік институттардың көбінде
бар. Кейбір шіркеулерде қызметшілер Жаңа Өсиеттегі «Әйелдер, күйеу-
леріңе мойынсұныңдар» деген сөзді келтіреді (Ефестіктерге 5:22). Кол-
ледждерде баскетболдан жаттықтырушы әйелдердің еңбегі, ер жат-
тықтырушыларға қарағанда әлдеқайда төмен бағаланатыны сирек
жайт емес. Саясатта ер лидерлер басым, ал әйелдер әлі күнге дейін АҚШ-
та және бүкіл әлемде сайланған ірі лауазымды шенеуніктердің аз ғана
бөлігін қүрайды.
Достарыңызбен бөлісу: