Ә р т ур л і а т а у л а р . Көптеген жағдайларда ерлер мен әйелдер мін-
деттері бірдей, атауы әртүрлі қызметтерді атқарады: әйелдер
«атқарушы көмекшілер» болса, сол жұмысты атқаратын еркектер
«кіші меңгеруші» болады. Жүмыс «ерлердің ісі» деп саналатын бір
ғана санат бойынша анықталып, онымен ерлер айналысуы тиіс
делініп, оларға жоғары еңбекақы төленеді.
2.
Д и ск ри м и н ац и я . Әйелдер мен еркектер бірдей лауазымға ие болса да
әйелдерге аз төленеді. Мұның бір себебі - белгілі мамандық бойынша
ерлердің неғүрлым беделді, жақсы төленетін санатта болуы (Hesse-
Biber & Carter 2000, McBrier, 2003). Ep заңгерлер беделді салаларда
біліктілігін арттыру үшін ірі, жоғары еңбекақы төлейтін компания-
ларға орналасады, ал әйелдер беделі томен салаларда, еңбекақысы
аз, шағын фирмаларға жұмысқа тұрады. Ерлер сатылым жүйесінде
жақсы еңбекақы немесе жоғары комиссия ұсынатын дүкендер мен
бөлімшелерге жұмысқа тұрса, әйелдер еңбекақысы төмен орындарда
сатушы ретінде жұмыс істейді.
Әйелдер мен еркектерді жұмысқа қабылдаған бір жер болып,
олар бір кәсіпте тең лауазымда жүмыс істесе де, жүмысқа қабілет-
тіліктері және білім деңгейі тең болса да тәжірибелері мен басқа
біліктіліктері ұқсас болғанына қарамастан, әйелдердің табысы то
мен болатыны анық. Табыс айырмашылығына ешбір түсінікті негіз-
деменің болмауы, бұл дискриминацияның маңызды рөл атқаруына
байланысты деп болжауға негіз болған (Maume, 2004).
Әйелдер де, еркектер де басым салаларда дискриминация бола
ды. Әйелдер басым ұжымдарда ерлер «әйнекті жеделсатыға» кірген-
дей ахуал жиі болады. Ол арқылы жоғары лауазымға және беделді
9.2-КЕСТЕ Орташа апталықеңбекақысынан байқалатын жыныстық айырмашылықтар Әйелдер төмен табысты кәсіптерде шоғырланған. Бірақәйелдер мен ерлер бірдей
кәсіппен айналысса да, бәрібір олардың табыс мөлшері томен болатыны анық.
Әйелдер еңбекақы аз төлейтін фирмалар мен бөлімшелерде жұмыс істейді және
жумысқа орналасу, мансапта жоғарылау жөнінен оларға дискриминация, қысым жиі
көрсетіледі.
Кэсіп
Е рлердің