Жер туризім Орындаған: Жагсалг Айтолхын Тексерген: Жұмағұлов Айдын - Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы.
Туризм маңызы
халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, шығармашылығына қайта шабыт беру, түсіңкі көңілін көтеріп, өмірге құштарлығын арттыру үшін істелген іс, т.б.) қанағаттандырады
ол рухани-мәдени дамуға, өнер мен ғылым-техникаға серпін беріп, инновацияға орай жаратады.
сол жер, сол халық, сол елді өзге ел мен халыққа танытып, шынайы жарнама жасайды
ол мол кіріс кіргізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр.
адамаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, интеграцияны тездетеді.
Жаяу туризім
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Жаяу туризм маңызды сауықтыру құралына алғы шарттар: • Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар,азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек. • Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет. • Ұзақ уақыт бойы айтарлықтай қашықтықтарды жүріп өтетін турист ағзасының дұрыс қызметі үшін демалумен ауысып келіп отыратын бірқалыпты жұмыс қажет. • Ағза жұмысының белгілі бір реттілігін құрып отыратын демалыс пен күш жұмсаудың дұрыс ауысып отыруы бүкіл жорық бойы және тіпті қозғалыс процесінің өзінде де болуы тиіс. 2
1-3 дәрежелі қиындықтағы - балалар мен жастар туризмінде;
- 1-ден 6-ға дейін дәрежелі жорықтар. 1-ші дәреже оңай, 6-шы дәреже ең қиын, және арнайы физикалық дайындықты қажетсінеді, осыған байланысты арнайы құрал-жабдықтар да қолданылады.
жорықтың қиындық дәрежесін өту үшін, қатысушылар алдындағы жорықтық қиындық дәрежесін өтуден тәжірибесі болуы керек, ал басқарушы дәл осы дәрежеден өткен және алдындағы қиындық дәрежелері бойынша тәжірибесі болуы керек.
1-ші дәрежеден өту үшін демалыс күндеріндегі жорықтардан тәжірибесі болуы қажет.
Жорықтың қияындығын анықтау барысында міндетті жорықтың ұзықтылығы мен қашықтығы есепке алына бермейді.
демалыс күндерінің жорықтары;
Қызықты фактілер: •Дүниежүзінде 1000 км. асатын көптеген жаяу жорықтарға арналған арнайы жолдар болады. Мысалы, АҚШ-тағы Аппалач жолының ұзындығы 3500 км. қамтиды. • Француз саяхатшылары Соня және Александр Пуссендер (Alexandre & Sonia Poussin) Африканы ешқандай көлік құралын пайдаланбай, оңтүстіктен солтүстікке қарай, 3 жыл 3 ай ішінде 14 000 км. жерді ОАР, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Танзания, Эфиопия; Судан, Мысыр елі және Израильді өтеді.
Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
Құрал жабдықтар:
Қазіргі таңда жаяу туризмге арналған көптеген құрал-жабдықтар түрлері бар: туристік палаткалар, ұйықтайтын мөшектер, треккингтік палаткалар, треккингтік бәтеңкелер, котелоктар, газдық горелкалар, компас, GPS - навигаторлар және т.б.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |