Абай атындағы
Қазақ ұлттық
педагогикалық университет
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Спорт туризм
Орындаған:Мұратұлы Әли
Қабылдаған:Жұмағұлов Айдын
Спорттық
туризм
—
туристердің спорттық мақсатта жорықтарға,
жарыстарға қатысуын ұйымдастыратын
жұмыстар тобы.
Туристік
жорықтардың
қандай жерлерде өткізілетініне және туристік жорықтар
кезіндегі қолданылатын транспорттық кұралдардың жеке түрлеріне
байланысты туризм мынадай түрлерден тұрады.
Жаяу
туризм
—
күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін
туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған туризм
түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез
-
келген аумақ
бойынша жорықтар ұйымдастыруға болды.
Тау
туризмі
—
биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар
болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, категориялық асулар
болуы керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең тараған
туризм түрлерінің бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді, таулы
аймақтарда кең таралған.
Шаңғы
туризмі
—
қыс кезінде, белгілі
-
бір қар жамылғысы
қалындығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты құрал
-
жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ
жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен
-
жайлар т.б.) бар
жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа
-
райының
әртүрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша
жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы
тұрақты аймақтарда тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |