Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет311/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   529
Феминистік қозғалыс
Америкадағы феминистік қозғалыстың бірінші толқыны он тоғы- 
зыншы ғасырдың ортасында пайда болды. Ол кезде әйелдердің заңды 
мәртебесі, негізінен, мүлікпен бірдей болатын. Құлдар тәрізді (ерлер 
де, әйелдер де) әйелдердің де нәсіліне қарамастан мүлікке ие болуға 
хақысы болмады. Оларға дауыс беруге, келісімшарт жасауға немесе 
сот алдында куәгер болуға тыйым салынды. Әйелдерді оқуға қабыл- 
дайтын екі ғана шағын колледж болды. Құлдықты жою жолындағы 
қозғалыста белсенділік көрсеткен көптеген әйелдің (афроамерикалық 
және ақ нәсілді) тәжірибелері теңдікке деген сенім орнауына және 
феминистік қозғалысты бастауға қажетті үйымдастырушылық дағ- 
дылар қалыптасқанын көрсетті.
Феминистік наразылықтар арқасында XIX ғасырдың аяғында 
әйелдер өміріне қатысты заңдық шектеулердің тым қатаңдығы жө- 
нінде мәселе көтерілді. Сол кезден бастап оқу орындарында әйелдер- 
дің саны (әлі күнге дейін) өсіп келе жатқаны анық. Сол кезде феми- 
нистер әйелдердің дауыс беру (сайлау құқығы) құқығына қол жеткізуі 
үшін бар күшін салды. 1920 жылы Конгресс әйелдерге сайлау құқығын 
беретін Он тоғызыншы түзетуді қабылдады.
Он тоғызыншы түзету қабылданғаннан кейін феминистік белсен- 
ділік бәсеңдеді. Алайда 60-шы жылдары әйелдердің екі тобы одан әрі 
өзгерістер жасау мақсатында істерін жалғастырды. Бұл - феминизм- 
нің екінші толқыны деп аталды. Бірінші топ (либералдық феминис- 
тер) саяси және кәсіби ұйымдарға қатысу жолымен құрылды және 
әйелдердің тең құқықтары үшін күрес жүргізді. Олар әлеуметтік өзге- 
рістер жасауды талап етті: таңдаулы мемлекеттік мектептер мен жо- 
ғары оқу орындарына қыздар қабылдансын және жұмыс берушілер- 
дің «тек ерлерге арналған жұмыс» деген жарнамасын таратуға тыйым 
салынсын деген талап қойды. Екінші топ (радикалды феминистер) 
феминизмге азаматтық құқықтар үшін күрес жүргізу мен Вьетнамда- 
ғы соғысқа қарсы қозғалыстар арқылы келді және түбірлі әлеуметтік 
өзгерістерді талап етумен болды. Олар қоғамның инсект (үйден шы- 
ғармау), үйдегі зорлық-зомбылық және күнделікті зорлауға қатысты 
хабардар болуын насихаттады (Шын мәнінде, соңғы екі термин феми- 
низмнен бұрын болған жоқ). Сондай-ақ әйелдердің жыныстық рақат- 
қа бөленуге және нәресте тууды бақылауга қүқығы бар деген идеяны 
насихаттады.
1990 жылдан бастап феминистердің үшінші толқын деп аталатын 
жаңа тобы шықты. Алдыңғы феминизмнің толқындары қатты эсер 
еткен қоғамда өскен Үшінші толқындық феминистер, әйелдердің жағ- 
дайы жақсарғанын ескертті. Сонымен қатар бұлар жыныстық қауіп- 
қатер мәселесінен гөрі әйелдердің жыныстық еркіндік пен рақатқа 
бөленуі мәселесіне көңіл бөлді. Үшінші толқындық феминистер сек­
сизм, нәсілшілдік, таптық теңсіздік, теңсіздіктің басқа түрлері әйел- 
дердің әртүрлі топтарына эсер етуін мәселе етіп көтерді (Evans 2003, 
Freedman, 2002).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет