Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет327/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   529
288
10-ТАРАУ
Алдын алуға болатын өлімнің себептері
«Америкалық медициналық ассоциация журналында» жарияланған 
өте терең әрі маңызды мақалада Мокдад және оның әріптестері (2004) 
(кәріліктен және генетикалық аурулардан өзге) алдын алуға болатын 
өлімнің себептерін анықтау үшін барлық медициналық әдебиеттерді 
саралаған. АҚШ-тағы алдын алуға болатын өлімдердің жартысынан 
көбіие тоғыз фактор себеп болған. Олар: темекі, дұрыс тамақтанбау, 
дене күшін сарқа пайдалану, алкоголь, бактериялар мен вирустар, 
ластанған жүмыс орны мен өмір сүру аудандары, автокөліктер, отты 
қару, жыныстық қатынасқа шақыратын мінез-құлық және заңсыз 
есірткі (10.1-кесте).
Тоғыз фактордың ішінде темекінің алатын орны ерекше, тіпті 
заңсыз есірткілерге қарағанда да ерекше. Егер сіз шылым шексеңіз, 
темекі шайнасаңыз немесе иіскеп қолданатын болсаңыз, жүрек ау- 
рулары, инсульт, өкпе эмфиземасы және қатерлі ісіктің көптеген 
түрлері секілді әртүрлі ауыр және өлімге алып келетін ауруларды 
қоздырасыз (World Health Organization, 2008). Темекі тартушылар- 
дың шамамен жартысы осы зиянды әдеттен өлетіні белгілі. Олардыд 
жартысы орта жаста қайтыс болған, яғни орта есеппен қалыпты өмір 
жасы 22 жылға қысқарады.
Мезгілсіз өмірден өтудің екінші себебі - майлы тамақ жеу, көп 
қозғалмау және семіздік. АҚШ-та семіздік көрсеткіштері 1980 жыл- 
дан бастап өсе бастады (Centers for Disease Control and Prevention, 2011). 
Дұрыс тамақтанбау және қимыл-қозғалыстың азаюы қан-тамыр аур- 
ларының, инсульт, қатерлі ісік (тік ішек, омырау және қуықалды 
безі) түрлерін, диабет және басқа да залалдардың даму қатерін 
күшейтеді. Семіздіктің көбейіп кетуі жоғары калориялы азық- 
түлік алудың оңайлағанын, ал қимыл-қозғалыстың азайғанын
10.1-КЕСТЕ. АКДІ-тағы алдын алуға болатын елімніңсебептері
Себебі
А лдын алуға болаты н
ө лім саны
Ж ад ны ө л ім пайы зы
Темекі
435,000
18%
Нашар там ақтан у және 
ш ам адан тыс денеге салм ақ 
түсу (1)
100-400,000
5-17
Алкоголь
85,000
4
Бактериялар мен вирустар (2)
75,000
3
Ластанған жүмыс орындары 
мен төңірегі
55,000
2
Автокөлік (3)
43,000
2
Қару-жарақ
29,000
1
Жүгенсіз мінез-қүлық
20,000
1
Заңсыз есірткі
17,000
1
ДЕРЕКЕКӨЗ: Mocdad and azerc. (2004).
1. көрсеткіштер әртүрлі
2. СПИД, темекі, алкоголь немесе эаңсыз есірткілерді қоспағанда.
3. Есірткі қабылдаудан болған автокөлік апатын да қарастырады, бірақ алкоголь қабылдау 
себебінен болған апатты есепке алмайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет