352 12-ТАРАУ Харизма - адамды өзгелерден
даралайтын ерекше тұлғалық
қасиет.
налған тапты ұстап тұруға көмектесе алады деп сенген. Ал біз бүгінде
сол қаналған тап - дінді өз әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін дол-
дана алатынын білдік. Оған бір мысал - афроамерикалық шіркеулер
мен олардың Әулие кіші Мартин Лютер Кинг сияқты жетекшілерінің
АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күрестегі рөлі.
Конфликт теориясының дінді зерттеуге қосқан тағы бір үлесі -
қалыптасқан институттар арасында қарама-қайшылықтар пайда
болатыны және олардың өзгерістерге алып келетіні туралы диалек-
тикалық идея. Негізінен, конфликтология теорияшылары қоршаған
ортадағы әлеуметтік өзгерістер сол қоғамдағы діни қауымдастықтар-
дың да өзгеруіне алып келеді деп жорамалдайды. Мысалы, әйелдер-
ге деген көзқарастың өзгеруі Реформашыл Еврейлерге, Методистерге
және басқа реформаларға алып келді. Осылайша, әйелдер министр
немесе раввин (еврейлердің діни қауымының рухани басшысы)
болып қызмет етуге құқық алды. Сонымен қатар конфликтология
теорияшылары діндегі өзгерістер үлкен әлеуметтік өзгеріске себеп
болады деп тұжырымдайды. Мысалы, АҚШ-тағы испан тілді қауым-
дастықта евангелие шіркеулерінің (дәстүрлі католиктік) көбеюі
латынамерикалықтардың тиімді саяси лобби ұйымдастыруында
маңызды рөл атқарды. 2006 жылдың наурыз айында басым бөлігі ла-
тынамерикалықтар мен біраз евангелие христиандарынан құралган
500 000-нан астам адам анти-иммиграциялық заңнамаларға қарсы
шеруге шықты. Қарсылық танытып шыққандардың көбі шеру жай-
лы евангелие қызметкерлерінен естіген.
Вебер: дін - тәуелсіз күш Макс Вебердің (Max Weber) дін туралы теориясында құрылымдық-
функциялық теорияның және конфликт теориясының элементтері
үйлесім табады. Дюркгейм секілді Вебер де діннің атқаратын қызметі
мен түрлерін зерттеді. Бірақ конфликтология теорияшылары сияқты
Вебер діни және әлеуметтік өзгерістердің байланысына да назар ау-
дарды. Алайда конфликтология теорияшылары әлеуметтік шиеленіс-
тің салдарынан туындайтын діни өзгеріске баса мән берсе, Вебер діни
идеологиядағы өзгерістің әлеуметтік өзгеріс тудыруына ерекше назар
аударды.
Көптеген адамдар үшін дін - дәстүрлер сабақтастығы. Адамдар
ата-аналарынан көргенін қайталайды. Алайда Вебер үшін дін - бел-
п а з дүние жайлы білім іздеу. Бүл тұрғыдан алғанда дін ғылымға
ұқсайды. Ол - айналадағы әлемді түсіндіре алатын әдістің бірі. Сон-
дай-ақ дін берген жауаптар қалыптасқан жағдайға кереғар немесе үй-
лесімді бола алады.
Түпкілікті мағына жайлы сүрақтарға адамдар қайдан жауап таба
ды? Олар харизмалы діни көшбасшыға жиі жүгінеді. Харизма - адамды
өзгелерден даралайтын ерекше түлғалық қасиет. Мұндай ерекше си-
паттамалардың пайда болуы ғажайып құбылыс болғандықтан, хариз
малы көшбасшылар драмалық әлеуметтік өзгерістерге агент бола ала
ды. Харизмалы көшбасшыларға Христос, Мухаммед және кейінгілер
Джозеф Смит (Соңғы күндердің әулиелері), Дэвид Кореш (Давид тар-
магы) жэне Аятолла Хомейни (Иран Исламы) жатады. Мұндай адамдар
дәстүрлі жауаптармен үйлеспейтін жауаптар береді. Осылайша, Вебер
діни мәселелерді қоғамдағы өзгеріс пен тұрақсыздықтың көзі деп қа-
растырады.
Дінге процесс ретінде қарай отырып, Вебер дінге Дюркгеймге қа-
рағанда әлдеқайда белсенді рөл береді. Бұл - Вебердің Протестантты
Реформацияны саралауынан айқын көрінеді.