Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Туудыңжоғары көрсеткіштерінің қоғамға әсері



Pdf көрінісі
бет456/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   529
Туудыңжоғары көрсеткіштерінің қоғамға әсері
Ганадағы туу көрсеткішінің жоғарылығы жекелеген әйелдерге пайда- 
л ы болғанымен, қоғамға кері әсері басым. Егер халық саны осы қарқын- 
мен өсе берсе, Гана білім беру, жол жөндеу және ауыл шаруашылығы 
саласына мемлекеттік шығындарын көбейтуі керек болады. Яғни же- 
келей алғанда дұрыс болып көрінген шешім қоғамдық деңгейде тиім- 
сіз болуы мүмкін.

Африкада әсіресе полигамды 
I отбасыларда бала саны өтекөп. 
Халықсанының артуы үлкен проблема 
болып тұр


ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
407
Буған Батыс халқы: «Олар расымен ақымақ па? Балалары аз болса 
жағдайларының анағұрлым жақсырақ болатынын түсінбей ме?» - деп 
таңдануы мүмкін. Бірақ Гананың кейбір тұрғындары үшін бұл әлі де 
дүрыс шешім ретінде жалғасып келеді.
Саяси жауаптар
Халық санын азайту үшін Ганада отбасын жоспарлау бағдарламасы 
жасалып, әйелдер үшін жүктіліктен сақтану құралдарын қолжетім- 
ді әрі қолайлы етті. Осылайша, әйелдердің қалауын шектеудің ама- 
лы табылды. Сонда да қазіргі кезде тұрмыстағы ганалық әйелдердің 
тек 17 пайызы ғана заманауи контрацепция қүралдарын қолданады 
(Population Reference Bureau 2011a). Олардың көбі - жас, білімді, қала- 
лық әйелдер. Зерттеулер көрсеткендей, туу коэффициенты төменде- 
тудің бірден-бір жолы контрацепция құралдарына қолжетімділікті 
арттырумен қатар, білім беру және экономикалық дамыту арқылы 
әйел мәртебесін көтеру болып отыр (Poston, 2000).
Италия: туу көрсеткіш і ты м төм ен бе?
Дамуы төмен елдерде халық санының еселенуі алаңдатып отырса, 
көптеген дамыған елдерде туу көрсеткішінің тым төмендігі ойланды- 
рады. Қисыны қызық болғанмен, туу коэффициентінің төмендігі де 
бірақатар мәселе туындатады.
Әлеуметтік рөлдердіңтуу көрсеткішіне әсері
Қазіргі өлім көрсеткіштеріне сәйкес туу коэффициент! орта есеппен 
әр әйелге 2,1 баладан келуі тиіс. Егер халық саны сақталуы қажет 
болса, онда ерлі-зайыптылардың орнын басатын екі бала және қай- 
гылы, оқыс оқигалардың орнын толтыру үшін бірнешеуін артық туу 
есепке алынады. Мүндай туу коэффициенті нөлдік халы қ осімі деп 
аталады. Егер туу коэффициент! одан томен болса келесі ұрпақ қазір- 
гіден аз болады.
Қазіргі уақытта Италияда орта есеппен әр әйелге 1,4 баладан ке- 
леді (14.2-кесте). Бұл - мемлекет жаңа иммигранттарды қабылдамаса, 
италиялықтардың келесі буыны қазіргіден анагұрлым аз болады де­
ген сөз. 14.2-кестеде көрсетілгендей, Еуропаның көптеген елдерінде 
жағдай дәл осындай.
Қазіргі өлім-жітім көрсеткішімен халық өсімі нөлдік деңгейде 
тұр, ал түрақтылықты сақтау үшін бала туу коэффициент! әр әйелге 
2,1-ден келуі керек.
Италияда туу деңгейі неге сонша томен? Италиядағы жағдай Га- 
надағыға қарама-қарсы болып отыр. Көптеген италиялық эйелдер 
жоғары білімді, басым бөлігі жұмыс істеп, табыс табады. Эйелдер 
әлеуметтік түрғыда ерлермен деңгейлес. Демек, өмірлік мақсаты- 
на қол жеткізіп, қоғамнан өз орнын табу үшін эйелдер бала тууды 
екінші орынға қояды. Италиялықтар, негізінен, ауыл шаруашылыгы 
саласында жұмыс істемейді және балаларының барлығы мектепте 
оқиды, оларға отбасылық табысты арттыру үшін еңбек етудің қажеті 
жоқ. Италия үкіметі жұмысқа жарамсыздық жағдайында, денсаулық 
сақтау саласында сақтандыру, зейнетақы және т.б. түрінде қолдау- 
дың лайықты жүйесін қамтамасыз етеді. Яғни тұрғындар қартай- 
ғанда немесе ауырып қалғанда балаларының қамқорлығын көруге 
мүқтаж емес.
Қазіргі өлім-жітім көрсеткішімен 
халық өсімі нөлдік деңгейде түр, 
ал түрақтылықты сақтау үшін бала 
туу коэффициент! эр эйелге 2,1-ден 
келуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет