Дәстүрлер - топтың қарапайым, қалыпты және
әдетті әдістермен сақтап, жүзеге асыратын нор-
малары.
Дәстүрлі билік - жылдар бойы сыналған проце-
дуралардың дербес құқықтылығына сүйеніп
басқалар үшін шешім қабылдау құқығы.
Девиант (нормадан ауытқу) белгілі бір қоғамдас-
тықта қүпталмайтын, тіпті жазаға тартыла-
тын бұзылғандық.
Дедукция - теориядан алынған гипотезаларды тек-
серу арқылы теориядан деректерге көшу процесі.
Демография - халық санын, өсімін және қүрамын
зерттейтін ғылым.
Демографиялық ауысу - туу көрсеткіші жоғары,
ал өмір ұзақтығы аз қоғамнан туу көрсеткіші
томен, өмір ұзақтығы көп қоғамға ауысу.
Демократия - көпшіліктің қалауына сай көшбас-
шыны өзгерту үшін түрақты конституциялық
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін саяси жүйе.
Деноминация - мемлекетке икемделетін және басқа
ғибадатханаларға төзімділік танытатын ғиба-
датхана.
Денсаулық сақтаудың үлгісі бойынша адамдар,
егер 1) денсаулығына қауіп төніп түр деп сана-
са; (2) қауіпті күрделі деи қабылдаса; (3) өмір
салтының өзгеруі қауіпті едәуір азайтады деп
есептесе және (4) өмір салтын өзгерту жолында
елеулі кедергілерге тап болмаса салауатты өмір
салтын қабылдайды.
Деңгей - қатынастың немесе мінез-құлықтың іске
асу жиілігі.
Диадалар - екі мүшеден түратын топтар.
Дисфункция - қоғамның тұрақтылығына теріс эсер
ететін әлеуметтік құрылымдардың салдары.
Дифференциал - әлеуметтік топтардағы құбылы-
стардыц пайда болуындағы айырмашылық.
Дифференциалдық ассоциация теориясы серіктестерінің көбі қүптаудың орнына қабыл
алмауды үйғарған кезде адамдар девиант-
тылыққа үйренеді деп түжырымдайды.