Аралас отбасы - ерлі-зайыптылардың бірінің не
месе екеуінің де алдыңғы некесінен баласы
бар отбасы.
Артта қалған елдер - өмір сүру деңгейі ең да-
мыған елдерден әлдеқайда төмен, бірақ тур-
мысы нашар елдерге қарағанда жоғары елдер.
Ассимиляция - адамдардың өз қүндылықта-
рынан азды-көпті бас тарта отырып, басым-
дыққа ие топтың қүндылықтары мен әлеу-
меттік тәжірибелерін уйреніп, қабылдау
процесі.
Астаналық статистикалық аудан - 50 мыңнан
астам халқы бар және айналасындағы ай-
мақтармен экономикалық әрі әлеуметтік қа-
рым-қатынас орнатқан аудан.
Астаналық емес статистикалық аудан - үлкен
қаласы да, ондай қаламен тығыз байланысы
да жоқ аудан.
Астыртын оқу жоспары - мектепте оқытылатын
негізгі мәдени дерекнамалардан тұрады. Мем-
лекеттік және жекеменшік мектептер жастар-
ды теңсіздікті қабылдауға үйретеді.
Ат таңу теориясы - девиантты сияқты көрінетін
адамдарға және нақты мінез-қүлыққа таңы-
латын процестерді түсіндіреді.
Ауру туындатушылар - өлімге жетелейтін мі-
нез-құлық пен әлеуметтік жағдайларға ықпал
ететін топтар.
Ауызбірлік - өзара әрекеттесудің жоғары деңгей-
де, күшті сезіммен және тәуелділікпен ерек-
шеленуі.
Ауыл шаруашылығы қогамдары - жерді өңдеп,
өнім өсіру кезінде соқалар мен ірі қара малды
қолдануға негізделеді.
ә
Әлемдік жүйелер теориясы - шеткері және негізгі
қоғамдар ретінде белгілі кедей және бай елдер
арасындағы экономикалық қатынастар туралы
тұжырымдама.
Әлеуметтану - адамзат қоғамын, әлеуметтік топтар-
ды және әлеуметтік өзара әрекеттерді жүйелі түр-
де зерттеу.
Әлеуметтік мақсаттылық түсінігі - шын мәнін-
дегі оқиғаны адамдардың әсерлеп, күшейтіп
және әлеуметтік түрғыда қабылданатын етіп
көрсету тенденциясы.