ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР 453 мен халықтардың билікке қалай қол жеткізетінін және пайдала-
натынын, сондай-ақ биліктің әділ бөлінуі мен қолданылуының
мүмкіндіктерін талдайды.
•
Ә л е у м е т т ік ө з г е р іс с т р а т е г и я л а р ы н ы ң у л г іл е р і. Әлеуметтік зерт-
теулер көмегімен жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың
әл-ауқагын жақсартуға арналған «Бастау» бағдарламаларынан
трансұлттық инвестицияларға дейін барынша тиімді бағдарла-
малар әзірлеуге болады.
Әлеуметтанушылардың шиеленістерді шешуге, әлеуметтік әді-
леттілік пен әлеуметтік өзгерістер мәселелеріне қатысуы әлемді жақ-
сартудағы шешуші фактор болмауы да мүмкін. Сөйтсе де бұл мәселе-
лерді ғылыми тұрғыдан қарастырмау қателік боларына сенімдіміз.
Адамның мінез-қүлық қағидаларын тану ғылымы дамыған кезде
біз әлеуметтік шиеленістерді азайтуға көмектесеміз. Ғалым, студент
және азамат ретінде бізге жүктелетін білімді іздеу мен қолдану жөнін-
дегі міндеттемелер бар. Біздің болашагымыз осыған тікелей тәуелді.
Қорытынды 1. Ұжымдық мінез-қүлық пен әлеуметтік қозға-
лыстар өзара байланысты болғанымен әртүр-
лі қызмет атқарады. Ұжымдық мінез-қүлық
жоспарланбаган әрі тосын, ал әлеуметтік
қозғалыс ұйымдастырылған, мақсатты және
ұзақ мерзімді болып келеді.
2. Салыстырмалы депривация теориясына сәй-
кес, адамдар қолында бары мен ойдағы үміті
арасындағы зор айырмашылықты сезінген
кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады.
Ойдағы үміт басқа топтармен және басқа ке-
зеңдермен салыстырудан туады.
3. Ресурстарды жұмылдыру теориясы адамдар
әлеуметтік өзгерістер жасауға қажетті ресурс
тарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар
пайда болады деп пайымдайды.
4. Саяси процестер теориясы саяси мүмкіндік-
тер мен ресурстардың қолжетімділігін қара-
стырады және сәтті қозғалыстар өзгерістердің
қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға
сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ре
сурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді.
5. Әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін сәтті
қозғалыстарға жан-жақты үйымдар қажет.
Сондай-ақ ол барлық қажетті ресурстарды
жұмылдыруға қабілетті болуы тиіс. Жаңа мү-
шелерді тарту үшін ұйым өз идеологиясын
адамдарды күрделі мәселеге сендіре алатын-
дай етіп қалыптастыруы қажет. Мәселеге қа-
тысты қабылданатын шешім әрі лайықгы,
әрі тиімді болатынына сендіру қажет. Ал же
келеген адамдардың мүдделері, құндылық-
тары мен сенімі қозғалыстың ұстанымымен
үйлесетініне иландыруы керек. Алайда идео-
логияға қарамастан, негізінен, қозғалыстың
мүшелерімен әлеуметтік байланысы бар және
қарсыластарға қагысы жоқ адамдар көбірек
тартылады. Сонымен бірге сәтті қозғалыстар-
ға БАҚ назарын аударатын инновациялық
әдістер қажет.
6. Кері қозғалыстар - өзге әлеуметтік қозғалыс-
тар насихаттайтын өзгерістерге қарсы тұруға
немесе мүлде болдырмауға тырысатын әлеу-
меттік қозғалыстар. Егер бастапқы қозғалыс
азғантай болсын табысқа қол жеткізге, кері
қозғалыс дами түседі. Егер кейбір адамдар
бастапқы қозғалыста қол жеткізген өзгеріс-
тер салдарынан әлеуметтік жағдайы мен құн-
дылықтарына қауіп төніп тұрғанын сезсе
де және қарсы бағыттың әлеуетті мүшелері
олардың мықты одақтастары боларына сенсе
де кері қозғалыстың дамуына мүмкіндік бар.
7.
Қоршаған ортаны қорғау қозғалысы мемле-
кеттік саясатқа ықпал етуге тырыса отырып,
сот арқылы қарсылық білдіруден бастап ас-
тыртын ірігкі салуға дейінгі түрлі әдістерді
қолданады. Қозғалыс жетістіктерінің өсу се-
бептерінің бірі - қозғалыс аясындағы ұйым-
дардыц көп түрлілігі.
8. Технология - құралдар жасау, яғни табиғи