Субурбанизация
- қала маңындағы аймақтардың өсуі.
Сынамаларды іріктеу
— үлкен топтан өкілетті
істерді жүйелі түрде таңдау.
Т
Тәуелді айнымалылық
- себеп-салдарлы қатынас-
тардың нәтижесі. Бұл тәуелсіз айнымалылық
әрекетіне байланысты.
Түзетуші қозғалыстар
жеке тұжырымдар мен әре-
кеттерді түбегейлі өзгертуге бағытталады.
Табыс
- белгілі бір уақыт ішінде жекеден, үйден неме
се үйымнан алынған ақша.
Табыс теңсіздігі
- кірістің белгілі бір жұртшылық
арасындағы айырмашылық деңгейі.
Танымал мәдениет
қоғамның көптеген мүшелері,
әсіресе орта, жүмысшы және төменгі таптарда
қолжетімді және кеңтаралған мәдениетке қатыс-
ты болады.
Таңдаудың озгерістері
- уақыт өте келе топ мүше-
лерінің көзқарастарын ұқсас ете бастайтын
процестер.
Таңылган мәртебе
- адам дүниеге келген кезде
берілетін мәртебе, бұл - ұрпақтан-үрпаққа мирас
болып, өмір бойы өзгермейді.
Тап
- маркстік теория бойынша адамдарды олардың
жұмысына қажетті материалдар мен құралдарға
иелік ете алу көрсеткішіне қарай жіктеу, яғни
адамдардың өндіріс қүралдарына деген меншік-
тік қатынасы арқылы ерекшеленуі.
Таптық жүйе
- шектеулі ресурстарды бөлісу арқылы
қол жеткізген мәртебеге сүйену.
Таптық сана
адамдардың өндіріс қүралдарына өзіиің
қатынасын түсініп, нақты таптық ерекшелігін
ұғынған кезде пайда болады.
Тәжірибелік топ
- тәуелсіз айнымалыны сынайтын
топ. Бұл топтан алынған нәтижелер бақылау то-
бымен салыстырылады.
Тәуелсіз айнымалы
- себеп-салдарлық қатынастар-
дағы себептік сыңар.
Тежеу теориясы бойынша.
әлеуметтік санкциялар-
дың ресми және бейресми жақтарының сәйкесте-
нуі үшін бөлінген сыйақылар жеткіліксіз болған
жағдайда ауытқу шылықтар пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |