ГЛОССАРИЙ 461
әлеуметтік қарым-қатынас міндеттемелері те-
пе-теңдігін сақтауға ұмтылуыныңмөлшері.
Өзіндік түжырымдама (концепция) - жеке адам
екеніміз туралы түсінік сезімінің туындауы.
Өзіне сырт көзбен қарау - өзімізге өзгенің көзімен
қарауды үйрену процесі.
Өкілеттілік - білім деңгейі ерекше жогары болған-
дықтан кейбір адамдардың басқаларга қара-
ғанда оларды артық деп есептеуі.
Өлім көрсеткіші - белгілі бір уақыт ішінде әрбір
1000 адамға шаққандағы өлім саны.
П Перифериялық елдер - кедей және әлсіз келеді,
салыстырмалы түрде аз шамада бақылау орна-
тылған, экономикасы біржақты.
Плюрализм - бір қоғамда жеке және тең мәдениет-
тердің бейбіт қатар өмір сүруі.
Полигамия - ерлі-зайыптылардың бір уақытта бір-
неше жұбайы болуы мүмкін неке.
Постиндустриалдық қоғамдар, негізінен, ақпа-
раттар өндіреді немесе қызметтер көрсетеді.
Провинциялар - қала сыртындағы аумақты (не-
гізінен, тұрғын-жайларды) дамытатын аудан-
дар.
Пролетариат - өндіріс құралдарына иелік етпейтін
тап. Олар өндіріс құралдарының иелеріне еңбе-
гін сату арқылы өздерін қамтамасыз етеді.
Протестанттық этика түсінігі бойынша еңбек ету,
рационализм және қарапайым өмір сүруді
дұрыс деп, ал жүмыссыздық пен сылбырлық
күнә деп саналады.
Профан (қарабайыр) - күнделікті өмірде өздігінен
болатын және қарапайым әрекет регінде көрі-
нетін барлық нәрселер, әдетте олар бізге таныс,
біз оларды бақылап, оған айла-шарғылары-
мызды жасай аламыз.
Р Рационалды-құқықты бедел - адамдардың рацио-
налды қойылған ережерлерге негізделген
билікті үстануы.
Революциялық қозғалыстар қоғамды түбегейлі
өзгерткісі келеді.
Репликация - басқа зерттеушінің эмпирикалық
зерттеулерін қайталау немесе әртүрлі үлгілер-
мен бірдей нәтижелерге жету.