Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет88/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   529
МӘДЕНИЕТ
75
Ғурыптар
Дәстүрге қарағанда моральдық құндылықтарды қастерлейтін нор- 
малар ғұрыптар деп аталады. Кешке сұлы ботқасымен тамақтануы- 
ңыз сізді «біртүрлілеу» етіп көрсетсе, иттің етін жеу немесе балаңыз- 
дың аяқкиіміне қажет соңғы ақшаны ішімдікке жұмсау өзгелердің 
сізді азғын деп есептеуіне әкелуі мүмкін. Олар сізді полицияға неме­
се баланы қорғау органына жіберуі ықтимал; сізбен қарым-қатына- 
сын үзіп, тіпті қуғындауы мүмкін. Бұл нормаларды бұзған адамдар 
азғын деп есептелетіндіктен осы нормаларды жай ғана халықтық 
дәстүр емес, моральдық ғұрыптар деп білеміз. Моральдық ғұрыпты 
бұзу міндетті түрде заң алдындағы жауапкершілікке әкелмейді, бі- 
рақ кем дегенде бейресми түрде аластауға немесе сөгіс беруге әкеледі. 
Заң жолымен я бейресми әдістермен жасалған жаза адамдардың мо- 
ральдық ғұрыпты бұзу ықтималдығын азайтады.
Заңдар
Гүрыптар үкімет тарапынан бекітілген кезде, оларды заңдар деп 
атайды. Егер заңдар - нормалар мен құндылықтарға сүйенбейтін 
болса, күшін жояды немесе полиция оларды орындаудан бас тарта- 
ды. Алайда заңдар әрдайым халықтың құндылықтарына негізделе 
бермейді. Мысалы, көлік жүргізіп келе жатып SMS жазуға тыйым са- 
латын жаңа заңдар нормаларды заңдастыру үшін емес, қалыптасып 
келе жатқан нормаларды өзгерту үшін қабылданды.
Ү г ы м д а р қ о р ы т ы н д ы с ы : қ ү н д ы л ы қ т а р , н о р м а л а р
және 
з а ң д а р
бө- 
лімі осы үш маңызды ұғымдарды салыстырады.
Әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік бақылау адамдарды өз мәдениеті мен қоғамының нор- 
малары мен құндылықтарын ұстануға ынталандыратын күштер 
мен процестерден түрады. Біз нормалар мен құндылықтарды бала- 
лық шақтан бастап отбасынан, көршілерден және басқа балалардан 
үйренеміз.
Біраз уақыттан кейін осы нормалар әдетке айналғаны сонша- 
лық, біз басқа жолмен өмір сүруді елестете алмаймыз, олар біздің 
өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады, сондықтан біз оларды 
шектеулер деп түсінбеуіміз мүмкін. «Тісімді тазалауым керек, әйт- 
песе достарым мен отбасым менен алыстап кетеді» деп ойламаймыз, 
оның орнына: «Тісімді тазаламасам жиіркенішті боламын», - деп 
ойлаймыз. Алайда мыңдаған жылдар бойы ешкім тісін газаламаған 
адамды жиіркенішті деп санаған емес. АҚШ тұрғындарының көпші- 
лігі үшін тіс тазалау адамның өзін жақсы сезінудің бір бөлігі болып 
табылады, мүны істемесе олар өздерін жиіркенішті сезінеді.
Тәрбиенің, оқу мен тәжірибенің арқасында қоғамның көп норма- 
лары бізге табиғи болып көрінеді, сондықтан басқаша әрекет етуді 
ойламаймыз да.
Идеологиялық өңдеу, оқыгу және тәжірибе арқылы қоғамның 
көптеген нормалары орынды болып көрінеді, сондықтан басқаша 
әрекет ете алмаймыз. Алайда бірде-бір қоғам осы нормалардың ерік- 
ті түрде сақталатынына толығымен сенбейді, сондықтан сәйкесінше 
шара қолданады: нормаға сай болғандарды сыйақымен ынталандыр- 
са, керісінше, нормаға сай болмағандарға жаза қолданады. Кейбір 
шаралар ресми сипатта болады, мәселен, кодекстер ресми заңды бұз- 
ғандар үшін айыппұл және жазалау шараларын белгілейді. Сонымен 
қатар көптеген ірі ұйымдарда сырқаттанған күндерге, киіну кодексі-
Ғүрыптар - ненің дұрыс немесе 
дұрыс еместігі туралы идеялармен 
байланысты нормалар; олар 
моральдық құндылықтарға ие.
Заңдар - билік құзыретінің күші 
мен санкциясы арқылы бекітілген 
ережелер. Олар нормалар болуы да, 
болмауы да мүмкін.
Әлеуметтік бақылау - тәртіпке 
бағынуға ынталандыратын 
күштер мен процестер, бүл өзін-өзі 
бақылау, бейресми бақылау және 
ресми бақылауды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет