74
2-ТА РА У
I
Әдетте күнделікті өмірде ұстанатын
I нормалар мына сыныптағыдай айқын
емес. Соған қарамастан, көпшілігіміз
айналамызды бақылау арқылы
әлеуметтік нормаларды еш қиындықсыз
тусіне аламыз.
малар да жетіп артылады. Тізімнің ұзақтығы соншалық, кейде міндет-
тер тым көп, ал таңдау тым аз сияқты көрінеді. Әрине, кейбір іс-әрекет-
тер міндетті емес және таңдау жасауға мүмкіндік береді, бірақ
жалпы
мәдениеттің мәні - өмір сүрудің тәртібі, орындалуға тиіс ережелер.
Дегенмен нашар жоспарланған жобадан нашар үй салынатыны
сияқты, «жаман» немесе дисфункциялы норма түрлі қиындықтарға
әкеп соқтырады (Wilier, Kuwabara, & Масу, 2009). Мысалы,
соңғы жыл-
дары «әркім үлкен үйде тұруы керек, үлкен үй алмаса, ол - ақымақ» де
ген норманың кесірінен несие төлей алмай, банктер үйлерін тартып
алған адамдар көбейді. Кей нормалар бір дәуірде жақсы болса, енді бірі
белгілі топқа ғана лайықты болуы мүмкін. Ал кей нормалардың мүл-
де мағынасы жоқ.
Пайдалы я зиянды болсын, нормалар
маңыздылығына қарай әр-
келкі болып келеді. Кейбіреулері сән үлгісі тәрізді қысқа мерзімдік,
өткінші болады. Енді бірі, айталық, моногамияны (немесе полигамия-
ны) қолдайтын нормалар күшті болады және ұзақ уақыт өмір сүреді,
өйткені олар осы мәдениеттің басты бағыты болып табылады. Әдетте
нормаларды дәстүрлер және ғұрыптар деп екі топқа бөлеміз.
Дисфункциялы нормалар - қоғам
мүдделеріне қарсы әрекет ететін
нормаларға жатады.
Дәстүрлер - әдепкі, қарапайым
және дағдылы тәсілдер арқылы
жасалатын нормалар.
Дәстүрлер
Дәстүр
сөзі бір топтың әдепкі, қарапайым және дағдылы тәсілдерін
білдіретін нормаларды сипаттайды. Дәстүр - түрақты дәстүрлерді
(мысалы, АҚШ-тың тәуелсіздік күні - 4 шілдедегі отшашу) қамтитын,
сондай-ақ уақытша сауық пен сәнді де қамтитын (кең немесе тар киім
кию сияқты) ауқымды түсінік.
Дәстүрдің ешқандай моральдық құндылығы жоқ.
Егер қалып-
тасқан дәстүрді бұзып, таңертеңгілік гамбургер, ал кешкі асқа сүлы
ботқасын жесеңіз, еденге ұйықтап немесе шашыңызды күлгін түске
боясаңыз басқалар сізді біртүрлі, қызық
немесе есалаң адам деп қа-
былдауы мүмкін, бірақ олар сізді азғын немесе қылмыскер деп есеп-
темейді.