Қош келдіңіз! Сіз Homebank kz интернет-банкингіне қосылғаныңызға қуаныштымыз. Homebank қаржы порталы қызметтерін пайдалануға қосылу шартымен танысуыңызды сұраймыз. Homebank қаржы порталының қызметтерін пайдалануға



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата11.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#180674
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
interconnection agreement-kk

5. Тараптардың жауапкершілігі 
5.1. Банк: 

Клиенттің төлем құжатын орындаудан негізсіз бас тартқаны үшін. Егер Клиент қызмет 
үшін комиссияны төлесе, Банк Клиент шығынын Клиент төлеген комиссиясы мөлшерінде 
орнын толтырады. Егер Клиент қызмет үшін комиссия төлемесе, Банк Клиент шығынын бір 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде орнын толтырады;

Банктің кінәсі бойынша рұқсат етілмеген немесе қате төлемді, аударымды жүргізгені үшін. 
Бұл жағдайда Банк Клиент шығынын қызмет үшін төлеген комиссиясы мөлшерінде орнын 
толтырады;

Банктің кінәсі бойынша Клиенттің төлем құжатын тиісті түрде орындамағаны үшін, Банк 
Клиент шығынын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде орнын толтырады; 

ақпарат ұсыну ҚР заңдарында тікелей көзделген жағдайларды, сондай-ақ Шартта көзделген 
жағдайларды қоспағанда, банктік құпия болып табылатын ақпаратты жария еткені үшін 
жауапкершілік арқалайды.
Осы Тармақтың тармақшаларында көрсетілген сомаларды алу үшін Клиент Банкке өтініш жазуы 
тиіс. Банк клиенттің өтінішін қарағаннан кейін сома Клиент көрсеткен шотқа есепке жатқызылуы 
немесе Клиентке қолма-қол ақша беру арқылы төленуі мүмкін. 
5.2. Банк: 

Клиент Банкке жоғалған/ұрланған картаны бұғаттау туралы өтінішті уақытында 
жасамаудың салдары үшін; 

Клиенттің Интернет желісінде карталық операцияларды жүргізуге шектеулерді өшірудің 
салдары үшін жауапкершілік арқаламайды және Клиентке осы жағдайда рұқсатсыз алып 
алынған ақшалай сомалардың орнын толтырмайды; 

Homebank-те операцияларды орындау үшін бөтен нөмірді қосуына байланысты Клиентке 
келтірілген шығын үшін; 

үшінші тұлғаларға карта деректемелерін, Аутентификациялық деректерді (Сенімді нөмірді, 
парольді), Клиенттің Сенімді нөміріне жолданған бір реттік парольді жіберуге байланысты 
Клиентке келтірілген шығын үшін; 

Банк Қызметтері параметрлерін енгізу немесе аударымды алушының деректемелерін қате 
енгізу сәтінде Қызмет көрсетуге Өкім ресімдеу кезінде Клиент жіберген қателер үшін. 


Көрсетілген жағдайларда Банк Клиентке Қызметтерді тиісті түрде және Шартқа толықтай 
сәйкестікте көрсеткен болып саналады және Клиент Қызметтерді көрсету нәтижесінде 
оның шотына ақша түскен жеке немесе заңды тұлғамен кейінгі есептесулерді өз бетінше 
реттейді; 

басқа эмитент банктің немесе өзге тұлғалардың кінәсі бойынша ХТЖ қағидаларында, 
Шартта және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімдер мен 
талаптарды бұза отырып, алушының картасына қаражатты есепке алуды және алушының 
деректемелері бойынша есепке алу үшін жауапкершілік арқаламайды. 
5.3. Клиент: 

Банкке жоғалған/ұрланған картаны бұғаттау туралы өтінішті уақытында жасамаудың 
салдары үшін - Клиентке келітірілген шығынның толық мөлшерінде; 

Клиенттің интернет желісінде карталық операцияларды жүргізуге шектеулерді өшірудің 
салдары үшін – Клиентке келітірілген шығынның толық мөлшерінде; 

Homebank-те операцияларды орындау үшін бөтен нөмірді қосуына байланысты Клиентке 
келтірілген шығын үшін – Клиентке келітірілген шығынның толық мөлшерінде;

үшінші тұлғаларға карта деректемелерін, Аутентификациялық деректерді (Сенімді нөмірді, 
парольді), Клиенттің Сенімді нөміріне жолданған бір реттік парольді жіберуге байланысты 
Клиентке келтірілген шығын үшін – Клиентке келітірілген шығынның толық мөлшерінде 
жауапкершілік арқалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет