«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та
жеке тұлғаларға
Homebank
қаржы порталының
қызметтерді ұсыну қағидасына
1-қосымша
Қош келдіңіз!
Сіз Homebank.kz интернет-банкингіне қосылғаныңызға қуаныштымыз.
Homebank қаржы порталы қызметтерін пайдалануға қосылу шартымен танысуыңызды
сұраймыз.
Homebank қаржы порталының қызметтерін пайдалануға
ҚОСЫЛУ ШАРТЫ (бұдан әрі — Шарт)
1. Терминдер мен анықтамалар
Авторизациялық сервис
— Клиенттің қашықтағы аутентификациясы бойынша Банктің сервисі.
Homebank Wallet жүйесін пайдалану туралы Шарт
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та
«Homebank Wallet» электрондық ақша жүйесі арқылы Банктің
электрондық ақшасын шығару,
пайдалану және өтеу жөніндегі қызметтерді ұсынуға қосылу шарты.
Аутентификациялық деректер
— Homebank қаржы порталына қол жеткізу үшін қолданылатын
Клиенттің бірегей идентификаторы (Сенімді нөмір) мен паролі.
Сенімді нөмірі
— Homebank қаржы порталына тіркелу және қосылу үшін қолданылатын
Клиенттің ұялы телефонының нөмірі. Банк Сенімді нөмірді
Клиентпен ақпараттық және
қаржылық әрекет үшін қолданыла алады.
Карта_ұстаушы'>Банк
— «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
Эмитент банк
— карта шығаруды жүзеге асыратын ұйым.
Карта ұстаушы
– оның атына Банк немесе басқа эмитент банк карта шығарған жеке тұлға.
Сенімді құрылғы
- Клиент Homebank мобильді қосымшасын орнатқан мобильді құрылғы.
Сенімді құрылғының белгісі тексеру процедурасынан өту нәтижелері
негізінде анықталады, бұл
клиенттің орнына рәсімнің басқа адамнан өту ықтималдығын жояды.
Карта
— Банк немесе басқа эмитент банк шығарған төлем картасы.
Клиент
— осы Шартқа қосылған жеке тұлға.