Қош келдіңіз! Сіз Homebank kz интернет-банкингіне қосылғаныңызға қуаныштымыз. Homebank қаржы порталы қызметтерін пайдалануға қосылу шартымен танысуыңызды сұраймыз. Homebank қаржы порталының қызметтерін пайдалануға



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата11.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#180674
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
interconnection agreement-kk

6. Дауларды қарау 
6.1. Шарт бойынша немесе оған байланысты орын алатын барлық сұрақтар, келіспеушіліктер 
немесе талаптар Тараптар арасында келіссөздер арқылы реттелуі тиіс. Өзара келісу болмаған 
жағдайда, Тараптардың барлық даулары және келіспеушіліктері ҚР заңнамасында көзделген 
тәртіпте қаралуы тиіс. 
6.2. Даулы сұрақтар бойынша Клиент Банкке жазбаша өтінім жасауы тиіс. Наразылықтар операция 
жүргізу күнінен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннің ішінде қарауға қабылданады. 
6.3. Наразылықты қарау мерзімі: 

қосымша ақпарат алу талап етілмейтін, стандартты даулы жағдайды қарауға өтініштер 
бойынша – өтініш алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде; 

қосымша ақпарат алу немесе тексеру жүргізу арқылы қосымша зерттеу қажеттілігі болған 
жағдайда – өтініш алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде немесе заңнаманың 
талаптарына сәйкес. 
7. Өзге талаптар 
7.1. Клиент осы Шарттың барлық талаптары түсінікті екеніне кепілдік береді және Клиент 
талаптарды сөзсіз және толық мөлшерде қабылдайды. 
7.2. Клиент Homebank-ті осы Шартта және Банк Сайтында көрсетілгендерден басқа мақсаттарда 
қолданбайтынына кепілдік береді. 
7.3. Банктік шот бойынша шығыс операциясын шотты жүргізу валютасынан бөлек валютада 
жүргізгенде, Банк алып алатын соманы операция жүргізу валютасына төлем құжаты келген 
сәтінде Банк белгілеген валютаны қолма-қолсыз сатып алудың/сатудың ағымдағы бағамы 
бойынша айырбастайды. Валютаны қолма-қолсыз сатып алудың/сатудың бағамын Банк күн сайын 
белгілейді және ол Банк Сайтында орналастырылады. Банк күннің бойында валютаны қолма-
қолсыз сатып алудың/сатудың бағамын нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты өзгерте алады. 
7.4. Банк ақпаратының сыртқы ұсынылуы және ұсынылу кепілдігі Homebank парақшаралында 
ұсыналған, үшінші тұлғалардың тауарларына/жұмыстарына/қызметтеріне қатысты, оның ішінде 
мәтін, графикалық сурет және басқа ақпарат пен материалдардың дәлдігіне, барабарлығына 
немесе толықтығына кепілдік бермейді және ақпараттың қателері болмауы үшін жауапкершілік 
арқаламайды. Ақпарат пен материалдарға қатысты ешқандай, тура да, жанама да кепілдік, соның 


ішінде үшінші тарап құқықтарының бұзылмауына, белгілі бір мақсатқа жарамдығына және 
компьютерлік вирустардан тазалығына, бірақ тек осыларға емес кепілдік берілмейді. 
7.5. Банкке және оның өкілдеріне осындай шығынның, зияннның немесе шығыстардың орын алу 
мүмкіндігі туралы хабарланған болса да, Банк қандай да жағдайда кез келген, соның ішінде 
тікелей немесе жанама, әдейі, кездейсоқ, білмеуі бойынша немесе жағдайдан туындайтын, бірақ 
осындай ғана емес шығын үшін, Homebank-тің интернет-парақшаларына немесе оларды кез келген 
тұлға пайдалануына байланысты, немесе деректер жұмысында немесе беру кезінде бұзылуына 
немесе жұмысына, қатесіне, өткізіп алуына, кедергілерге, іркілістерге, компьютерлік вирусқа 
немесе желінің немесе жүйенің бұзылуына байланысты орын алған зияндар немесе шығыстар 
үшін жауапкершілік арқаламайды. 
7.6. Клиенттің барлық әрекеттерін Банк Нұр-Сұлтан қ. уақытымен өңдейді және есепке алады. 
7.7. Homebank жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша Клиент Байланыс орталығы 
телефондары арқылы хабарласа алады, Клиент жүйе функционалын пайдалану жөнінде 
консультация алу үшін Байланыс орталығының Сайт парақшасының төменгі жағында көрсетілген 
телефондары бойынша, ұялы телефоннан қысқа нөмір бойынша немесе Skype-те қоңырау шалу 
арқылы хабарласа алады. 
7.8. Үшінші тұлғалардың Банк осы парақшаларда ұсынған ақпаратты және Homebank бойынша 
басқа да материалдарды Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз таратуға құқығы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет