алады. Операция жүргізуге барлық сұрау салулар бойынша хабарлама мұрағатта сұрау салудың
мәртебесімен қоса көрсетіледі. Сондай-ақ жүргізілген операция бойынша түбіртекті электрондық
поштаға операция жүргізілгеннен кейін бірден жолдау арқылы алу мүмкіндігі қарастырылған.
Түбіртекте операция бойынша негізгі ақпарат және Банктің электрондық мөртабаны берілген.
Операцияның жүргізілуі туралы ресми растауды алу үшін Клиент Банк бөлімшесіне өтініш
жасауы қажет.
2.10. Банк Homebank мобильді қосымшасына кіру жүзеге асырылатын мобильді құрылғыға
қатысты Сенімді құрылғының белгісін тексеру және орнату арқылы Клиенттің есептік
жазбасының қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз етуді көздейді. Көрсетілген белгі верификация
рәсімінен өту нәтижелері негізінде белгіленеді, ол Клиенттің орнына рәсімнен өзге тұлғаның өту
ықтималдығын жоққа шығарады. Сенімді құрылғы белгісін орнату кезінде Homebank-тегі сессия
деңгейлері бойынша бөлу орын алады:
Light деңгей-операцияға лимиттер түріндегі шектеулер қолданылатын, сенімді құрылғы
болып табылмайтын құрылғыдан Homebank сессиясы;
Normal деңгей-операцияға арналған кеңейтілген лимиттер қолданылатын сенімді
құрылғыдан Homebank сессиясы.
2.11. Homebank мобильдік қосымшасында жаңа клиентті тіркеу немесе Клиентті қайта тіркеу
рәсімінен өту барысында верификациядан өту тәсілдерінің бірі ұсынылады:
Клиент Homebank Мобильді қосымшасы арқылы биометриялық сәйкестендіру
(Liveness) рәсімінен өтеді, оның соңында тексеру рәсімі сәтті өткен құрылғы сенімді
құрылғының белгісіне ие болады және Клиент Normal деңгейіне қол жеткізеді
Клиент стандартты тексеру рәсімдерін жүргізетін бейне тексерушімен байланысады.
Верификация процедурасынан сәтті өткен жағдайда бейне қоңырау жүргізілген
құрылғы сенімді құрылғының белгісін алады.
2.12. Брокерлік қызмет көрсету Банктің жекелеген ішкі құжаттарымен, оның ішінде брокерлік
қызмет көрсету шартымен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: