қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға кредит бюросы арқылы клиент туралы ақпаратты (қолда
бар және болашақта келіп түсетін) кредиттік бюроға және Банкке беруге; кредит төлеу
қабілеттілігін бағалау мақсатында клиенттің дербес деректерін және оның табысын айқындайтын
мәліметтерді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ – қа (бұдан әрі - «ЕРДО») беруге;
клиенттің кредит қабілеттілігін бағалау мақсатында МДМ-дан Клиенттің дербес деректері мен
кірістерін айқындайтын мәліметтерді алуға және кредиттік бюроның Банкке беруіне.
4.16. Клиент клиенттің дербес деректерін және банктік құпияға жататын мәліметтерді құқық
қорғау органдарына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органға, кез келген мемлекеттік органдарға, ұялы байланыс операторларына,
сондай-ақ клиенттің шотынан ақша ұрлау белгілері (оның ішінде алаяқтық әрекеттер жасау
арқылы), клиентке қатысты өзге де құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда, сондай-ақ
осындай құқыққа қарсы әрекеттерді (оның ішінде алаяқтық әрекеттер жасау әрі қарай) және
мұндай әрекеттердің салдарын оқшаулау.
4.17. Банк Homebank қаржы порталында Клиенттің Банктің белгілі бір іс-әрекеттер жасауына,
клиентке қатысты ақпарат пен құжаттарды алуына немесе беруіне келісімін қосымша сұратуға
құқылы. Мұндай жағдайларда клиенттің келісімі электрондық-цифрлық қолтаңба, бір реттік
(біржолғы) сәйкестендіру коды, биометриялық сәйкестендіру, Клиенттің дербес құрылғысының
экранында (компьютер, смартфон, планшет және т.б.) тиісті түймені (белгішені) басу арқылы не
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау әрекеттерінің элементтерін
қолдана отырып, өзге де тәсілдермен расталады.
Достарыңызбен бөлісу: