? Қосымша деректерді пайдаланып, казактар мен қазақтар тіліндегі бір мағыналас
сөздерді табыңдар.
Мещеряктар – түркi тiлдес халықтар тобына жататын ұлыстың аты.
Жүк тасымалы – атпен, түйемен жүк тасу кәсiпшiлiгi.
Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейiн казак әскерлерiнiң ау ма ғында тұ-
ратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мещандар, саудагерлер) осылай аталған.
Катанаев георгий Ефремович (1848–1921) – казак әскерлерiнiң генералы. Сiбiр
казак әскерлерiнiң ресми тарихшысы.
«Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.)
облысының губернаторы қыз метiн атқарушы Жоғары мәртебелi мырзаға. Сiбiр қырғыздары аға сұлтандарына бағынышты халықтың атынан өтiнiш. 1866 жылғы 7 қыргүйек Қырғыздар тұрақты қонысы болмағандықтан қатты қиыншылықтар ға душар
болуда. Мұның өзi оларға өте ауыр тиюде. Олар сөйте тұра жасақ (алым-салық),
жол жөндеу жұмыстарына жұмсалатын үш есе артық мөл шердегi баж салығын
төлейдi. Қандай ауыртпалық болса да қырғыздар өздерiнiң туып-өскен жерлерiн
қиып кете алмайды. Өйткенi ол жерлерде ата-бабаларының сүйегi жатыр. Ал
қысымға шыдай алмай, өздерiнiң ежелгi атамекендерiнен кең далаға кетiп қалған
кейбiр адамдар ол жақтан да бос жатқан жер таба алмай, азап шегуде. Ақырында
сол баяғы енi 10 ша қырым келетiн жер алқабына амалсыздан қайтып оралуда.
Жоғары мәр тебелi мырза, Сiзден мынаны өтiнiп сұраймыз: сол енi 10 шақырымдық
жер алқабын бұрынғысынша қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) иелiгiне тегiн
беру жөнiнде жоғары жаққа өтiнiш бiлдiрсеңiз екен...»
Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 8-қ, 66-iс, 117–118-парақтар.
1. Бұл өтiнiштi беруге бастамашы болған кiм едi? 2. Осы үндеу мә лiм деменiң
авторлары қандай талаптар қойғанын айтып берiңдер. 3. Хатты жазғандар
өздерiнiң жер иеленуге деген құқықтарына қысым жасалып, шектеулер қойыл-
ғанына қандай дәлелдер келтiрген?
* Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
63
Бүгінгі сабағымызда Ресей империясы отаршылдық саясатының себеп-
салдарын анықтаймыз. Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күре-
сіне, көтеріліс басшыларының рөліне баға береміз.