60
Орынбор казак әскерлерi Орынбор губерниясының оңтүстiк және
оңтүстiк-шығыс шегараларында орналасып, осы өлкенiң шамамен төрттен
бiр бөлiгiн алып жатты.
1840
жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже» шықты. Ол
бойынша Орынбор казак әскерлерiнiң жерiнде тұратын барлық шаруалар
казактар тобына қабылданды. Бұл казак әскерлерi өзi нiң ұйымдастырылуы
жағынан тұрақты орыс әскерiне жақын кел дi.
Орынбор казактарының
қатарына Ставрополь қалмақ әскерi келiп қосылды. Орынбор казак
әскерлерiнiң орталығы Орынбор қаласында орналасты.
Казактар негiзiнен селолық жерлерде қоныстанды.
Қалаларда ка-
зактардың небәрі 2%-ы тұрды. Орынбор казактары негiзiнен егiн шi лiк-
пен, мал өсiрумен, балық аулаумен айналысты. Казак әй ел дерi еш кiнiң
түбiтiнен түрлi орамал тоқыды. Бүкiл Ресейге жә не одан тыс жер лерге
кеңiнен танымал болған Орынбор шәлiсi, ора малы, бө ке байы, бетперделерi
мен қолғаптары солардың қо лымен тоқылатын.
Орынбор казактары өзiнiң күнделiктi өмiрiнде қазақ халқымен ұдайы
араласып тұрды. Казак әскерлерiнiң аумағындағы жалға алған жерлерде
қазақтар көшiп-қонып жүрдi.
Достарыңызбен бөлісу: