Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет32/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
71
қаланың қақпалары жабық екенін білдім. Менің 
құлдарым шатырларын түнеуге тіккенше маған егде 
бір шаруа келді. Ол да қалаға кіріп үлгермепті.
– Аса құрметті мырза, – деді ол маған, – түріңе қа-
рағанда, сен мал алып-сатумен айналысатын сияқ-
тысың. Солай болса, саған жаңа ғана айдап әкелген 
қоңды бір отар қойымды сатқым келеді. Өкінішке 
қарай, әйелімнің қызуы көтеріліп, жатып қалыпты, 
сол себепті тезірек үйге қайтуым керек. Қойларымды 
түгелімен сатып ал, мен құлдарыммен түйелерді 
жолға қамдап, жеделдете сапарға шығайын.
Түн қараңғы болғандықтан, қойларды санай ал-
мадым, дегенмен маңырауларына қарағанда тым 
көп екені байқалады. Он күн бойы алуға лайықты 
түйелер табылмағандықтан қуана келістім. Ол асы-
ғыс болды да, келісуге әбден лайықты бағаны айтты. 
Мен ертеңгісін құлдарыммен отарды қалаға айдап 
кірген бойда, оларды едәуір қымбат бағаға сата ала-
тынымды білдім.
Онымен қол алысып, келістік те, мен қойларды 
санап шығу үшін құлдарыма шырақ әкелуді бұйыр-
дым. Шаруаның айтуынша, қойлардың ұзын саны 
тоғыз жүз болуы керек. Қараңғы түнде ары-бері 
қашқан аш әрі шөл қысқан қойларды санап шығу-
дың қиындығын тәптіштеп айтып, сендерді жалық-
тырмай-ақ қояйын. Бұл орындалмайтын тапсырма 
екен. Сондықтан шаруаға таң ата санап, содан соң 
есептесетінімді айттым.
– Аса құрметті мырзам, – деп жалынды шар- 
уа, – бүгін үштен екісін төлеші, жолға шыға бере-
йін. Мен осында ең ақылды әрі сауатты құлымды 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
72
қалдырайын, ол саған қой санауға жәрдемдеседі. Өз 
басым оған сенемін, сондықтан ақшаның қалған бө-
лігін соған берсең болады.
Бірақ мен жоқ жерден қасарысып, түнде төлемей-
тінімді айттым. Таң ата мен ұйқыдан оянып үлгер-
местен қақпа ашылған бойда төрт бірдей саудагер 
малшыға лап берді де, отардың бәрін сатып алып 
кетті. Олар жоғары баға ұсынды, себебі қаланы сол 
кезде дұшпан тарапынан қоршауға алу қаупі төнген, 
ал азық-түлік қоры тапшы еді. Шаруа әр қойға мен 
төлейтін ақшадан үш есе артық алды. Осылайша мен 
өз аяғымен келген сәттіліктен айырылдым.
– Ерекше оқиға екен, – деді Аркад. – Бұдан не 
ұғып, не үйренеміз?
– Келісімнің тиімді екеніне көз жетіп тұрса, ақы-
сын бірден төлеу керек болар, – деп қорытты қария. 
– Егер келісім шынында да пайдалы болса, онда са-
ған ешкім де, тіпті өз кемшілігің де кедергі келтіре 
алмайды. Бәріміз де пендеміз, құбылмалы мінезге 
иеміз. Таратыңқырап айтқанда, кейде дұрыс пікірді 
бұрысқа айырбастауға бейімбіз. Менің алғашқы әсе-
рім әрқашан ең дұрыс шешім болып шығады. Соған 
қарамастан тиімді келісім жасарда өзімді-өзім сенді-
руім қиын. Сондықтан өзімді бойымдағы осалдық-
тан қорғау және жіберіп алған мүмкіндікке өкінбеу 
үшін мен бірден кепілақы қалдырамын.
– Тағы да сөйлегім келіп тұр, – деп сириялық ор-
нынан атып тұрды. – Бұл оқиғалар бір-біріне ұқсас 
екен. Екеуінде де мүмкіндіктің қолдан шығып кету 
себебі бірдей. Олардың екеуі де жайбасар ғой, тіп-
ті. Олар: «Қазір нағыз сәтті кез, мәселені тезірек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет