бастағаныңызға міне бір-екі ай да өтті. Досыңыз: «Андрей, өзің
қалағандай 2016 жылдың 1 ақпанында антикафенің жұмысын бастап
кеткеніңе қуаныштымын. Үш айдың ішінде қатты өзгердің. «Бизнес
пен шығармашылықта өзімді дамытамын» деген арманыңды
шындыққа айналдырдың. Сенің антикафеңде қаламыздағы ең пайдалы
шеберлік курстары, мəдени іс-шаралар, əдеби кештер өткізіледі. Оны
танымал адамдар ұйымдастырады. Бұл жер үнемі адамдарға лық толы.
Сенің ең бақытты жандардың бірі екендігіңе шек келтірмеймін».
Досыңыздың осы сөздерді айтып жатқанда кеудеңізді кернеген
қуаныш сезімінің дəмін татасыз (кепілдік беремін). Ең бастысы, ол
сіздің армандарыңызды қайталап беруі керек.
3.
Соңғы қадам. Дəл қазіргі сəттен «арманыңыз орындалған» күн –
2016 жылдың 1 ақпанына келесіз. Досыңыз қолыңызды алып:
«Андрюха, сені шын жүректен құттықтаймын! Антикафені дəл бүгін
ашу СЕНІҢ қолыңнан келді. Əрі келушілер саны да көп... Сен – бүгін
əлемдегі ең бақытты жандардың бірісің!» – дейді. Əрі қарай жоспар
бойынша армандарыңызды айтады.
Бұл қалағаныңыз орындалғанда, сіздің қандай сезімде болатыныңызды
сипаттап бере алатын əдіс. Бұны жақсы коучпен бірге жасап көруге
кеңес беремін. Өзіңіз сенім білдіретін əрі өзіңізге шабыт сыйлай
алатын досыңыз болса да болады.
Өлімнің мотивацияға əсері
Жоғарыда «табыт əдісін» айтқанмын. Оны жүйкесі əлсіз адамдарға
қолдануға болмайтын шығар. Бірақ өлім қашан да барлығымыз үшін
ең мықты мотиватор бола алады. Тағы да Стив Джобстың сөздерін
қайталаудан жалықпаймын: «Жасым 17-де болғанда маған қатты əсер
еткен мынадай қанатты сөз бар: «
Достарыңызбен бөлісу: