Өмір ақ пен қарадан тұрады. Тағдырдың қандай тосын сый
дайындағанын білмейміз. Өмірде қандай ауыртпалықтарды
арқалауымызға тура келетіні де белгісіз. Қандай жағдай болмасын
барлығын қорқынышсыз қарсы алу керек. Қорқынышсыз өмір сүрген
абзал.
Бұл нағыз дұрыс шешім.
«Таңдауың қандай?» кітабында
7
бір керемет əдіс бар.
7
Бен-Шахар Т. Что ты выберешь? Решения, от которых зависит твоя жизнь. М.: Манн,
Иванов жəне Фербер, 2015.
«Pop» жобасының таныстырылымы болып жатқан. Дирижер əрі
педагог Бенджамин Цандер қорқыныштан ада болудың мағынасын
түсіндірді.
Бұл таныстырылымда Цандер 15 жасар виолончельшінің қабілетін
ашуға көмектеседі. Бахтың пьесасын орындау барысында жас өнерпаз
қателесіп кетеді. Өз-өзіне көңілі толмай, қысылып кетеді. Ол пьесасын
орындап болған соң, Цандер шəкіртіне жасаған қателігі үшін өкінбеуін
сұрайды. Бармақ тістегенше, «Керемет болды!» деп айтуға кеңес
береді.
Кейін жас өнерпаз да, көрермен де қателікке назарын аудармайды.
Дегенмен Цандер өнерпаздың мүлт кеткен жерімен көбірек жұмыс
жасайды. Өнерпаз тағы да қателеседі. Сонда да ұстаз шəкіртіне
«Жақсы орындадың!» деуін тоқтатпайды.
Қателік алдындағы қорқыныштан арылуға 15 минутын жұмсайды.
Қорқыныштан арылып, толығымен босаңсығаннан кейін аспапта
керемет ойнайтын болады. Əуен сондай сазды, еркін əрі оңай шығады.
Біздің өміріміз де дəл сондай. Сəтсіздікке мына қызық өмірдің бір
жауабы ретінде қарасақ, көп нəрсе өзгерер еді.
Қателік жасаудан қорқу. Бұдан қалай арыламыз?
Қателесу. Тағы да қателесу. Допты қақпаға соға алмау. Музыкалық
партияларды шатастыру. Допты қақпаға бағыттай алмау.
Сара Блэйклидің əкесі қоятын сұрақты мен де қойғым келеді: «Бүгін
қай жерден қателестіңіз?»
Жауап үнсіздік емес, ұзын əңгіме болады деп үміттенемін.
Қателіктеріңіз жайлы батыл хабарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: