Мен бұл сөзбен келісемін. Табысқа жетудің ең қарапайым жолы – жан
дүниеңнің күшін жарыққа шығару. (Бұл жайлы толығырақ мəлімет алу
үшін
«Адамның ішкі күші. Виртуалды cash back. Ғаламнан
қалағаныңды қалай алуға болады?»
бөлімін оқыңыз.)
...Бірде семинардан кейін табысты бизнес-тренерге бір жас жігіт
келіп: «Мен қашан өзімнің success story-ымды жазамын?» – деп
сұрайды.
Сонда тренер былай деп жауап беріпті: «Оны ешкім білмейді.
Бастысы – үнемі тырысу. Бəлкім, сен бір талпыныспен-ақ
табысты боларсың. Бəлкім, бір жылдан кейін немесе араға бес
жыл салып жетістікке жетерсің. Қалай болғанда да, əр жаңа
талпыныс сенің мүмкіндігіңді арттырады».
Достарыңызбен бөлісу: