Үлгі №2. Көп қырлы жұмыс.
Келесі нұсқа – нағыз шебер де,
«мəңгілік əуесқой» да болуға мүмкіндік беретін бір мамандықты
таңдау. Сонымен қатар, əртүрлі жерлерде көп нəрсе жасау.
Телекомпаниядағы жұмыс іспеттес. Бүгін «теле-жұмысшылар» тамақ
дайындау туралы бағдарламаға дайындалса, ертең саяхаттарға, келесі
күні тіл үйренуге арналған бағдарламаларға білек сыбана кіріседі.
Мысалы, деректі кинорежиссер бүгін Амазон ормандарын түсірсе,
ертең Қытайдағы нанороботтарды түсіріп жүреді. Осылайша
журналист болып, түрлі салада бір мəрте жүзіп шығуға болады.
Кез келген кеңес беру (консалтинг) түрі де жақсы. Менің досым
Андрей бизнес-кеңес берумен айналысады. Мен оған хабарласқан
сайын ол əртүрлі рөлдерге еніп кеткендей болады:
– Мен аяқ киім шығаратын зауыттамын. Өндірістік шығындарды қалай азайтуға
болатындығын түсінуге тырысып жатырмын.
– Бүгін ұйымдыстырушы-агенттікке кеңес бердім. Енді мен Ақжелкеннің
костюміндегі жігіттің қызметтерді қалай сатуды түсінгендігін бақылауға бара
жатырмын.
– Мейрамханадағы жаңа мəзірден дəм тату. Біз аспазшы мен мейрамхана иесі
үшеуміз ең дəмді тағамды таңдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: