Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

№1 үлгі. Маусымдық жұмыс. 
Көптеген жүзушінің проблемасы –
бір ғана таңдау жасауға тырысып бағатындығында. Дегенмен бəрін бір
арнаға қалай біріктіруге болатынын ойластырған жөн.
Менің досым Катя – қарапайым жүзуші. Ол өзінің өмірін былай
жүйелеген. Қыста ол аралдарда тұрады жəне қолтырауыннан алынған
былғарыдан түрлі заттар жасайды. Көктемде ол əртүрлі елдердегі
пресс-турларға кетіп, фотосуреттерді журналдарға сатады, ал жазда
жəне күзде Ресейде цемент сататын компанияны басқарады.
Ол: «Саған ант етемін, аралдарда мен тыныштықты сезініп, лəззат
аламын. Өйткені өз қолыммен бірдеңе жасауды үйрену үстіндемін.
Фото турлар барысында менің шығармашылық көзқарасым дами
түседі. Ал цемент сатқан кезде қызығына батып кетемін».
Менің тағы бір досым Влад көктем мен жазда ландшафты дизайнмен
айналысады. Күзде жəне қыста антикафе жүйелерін дамытады.


Үлгі №2. Көп қырлы жұмыс. 
Келесі нұсқа – нағыз шебер де,
«мəңгілік əуесқой» да болуға мүмкіндік беретін бір мамандықты
таңдау. Сонымен қатар, əртүрлі жерлерде көп нəрсе жасау.
Телекомпаниядағы жұмыс іспеттес. Бүгін «теле-жұмысшылар» тамақ
дайындау туралы бағдарламаға дайындалса, ертең саяхаттарға, келесі
күні тіл үйренуге арналған бағдарламаларға білек сыбана кіріседі.
Мысалы, деректі кинорежиссер бүгін Амазон ормандарын түсірсе,
ертең Қытайдағы нанороботтарды түсіріп жүреді. Осылайша
журналист болып, түрлі салада бір мəрте жүзіп шығуға болады.
Кез келген кеңес беру (консалтинг) түрі де жақсы. Менің досым
Андрей бизнес-кеңес берумен айналысады. Мен оған хабарласқан
сайын ол əртүрлі рөлдерге еніп кеткендей болады:
– Мен аяқ киім шығаратын зауыттамын. Өндірістік шығындарды қалай азайтуға
болатындығын түсінуге тырысып жатырмын.
– Бүгін ұйымдыстырушы-агенттікке кеңес бердім. Енді мен Ақжелкеннің
костюміндегі жігіттің қызметтерді қалай сатуды түсінгендігін бақылауға бара
жатырмын.
– Мейрамханадағы жаңа мəзірден дəм тату. Біз аспазшы мен мейрамхана иесі
үшеуміз ең дəмді тағамды таңдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет