Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Жайлы орта, қарсы тұру күші жəне не



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Жайлы орта, қарсы тұру күші жəне не
себепті тезірек əрекет ету керектігі жайлы
Тағы бір оқиға айтып берейін. Ауылда кішкентай піл өмір сүріпті. Оны
бағанаға арқанмен байлап қойыпты. Піл үзіп кетпес үшін арқанды
қалың етіпті. Бірақ арқан бір радиустық жерге дейін айналып жүре
алатындай ұзын еді. Піл өсе келе алып пілге айналды. Алайда оны əлі
сол арқанмен байлап ұстаған. Піл үлкейген соң бір қимылымен-ақ,
арқанды үзіп кететіндей күшке ие болады. Өзінің мекеніне, құла түзге
шаба алатындай күші бар.
Бірақ ол бұрынғы радиусынан шықпады. Себебі жайлы ортасы мен
əдеттеріне деген махаббаты басым еді. Сөйтіп, пілдің өзгеруге деген
құлықсыздығы мүмкіндіктерінен айырыпты.
Міне, осындай көңілсіз оқиға. Алайда біз қазір жайлы орта туралы сөз
қозғамаймыз. Біз жайлы ортаның «досы» – кедергі күші жайлы
айтайық. Ойымызға жақсы идея келсе, бірден бастап кетудің
маңыздылығын да айтамыз.
Бірде нөсер жаңбыр астына серуендеуге шыққанымда маған келе
жатқан бауырым Эльдарды кездестіріп қалдым. Оған бірге серуендеуді
ұсындым. Ол ойланбастан: «Қуана-қуана келісемін! Қазір көлігімді
тұраққа қойып келейін», – деді.
Ұсынысыма қуанғаны көрініп-ақ тұрды. Жүзі бал-бұл жайнап кетті.
Көлігін тұраққа қойды. Біз екі сағаттай серуендедік. Былғары етігі
жаңбырдан бүлініп қалды. Үстіміз де суға малынды. Бірақ бұлардың
бірін де сезбеппіз. Себебі əңгімеміз жарасып, бір-бірімізге шабыт
сыйладық, қызықты əрі пайдалы сұқбатқа қанықтық. Екеумізді де
алаңдатқан бірқатар мəселенің басын ашып алдық.
Қоштасудың уақыты таяған кезде Эльдар:
– Сен маған ұсыныс тастағанда жүрегім бірден «Иə!» деген еді.
Шынымен серуендеп қайтқым келді. Бірақ көлік тұрағына барғанда
түрлі ойлар келді. «Сонда қазір қайда барасың? Көшеде нөсер жаңбыр.
Кеш болып қалды. Кешкі ас əзірлеп, ертеңгі күніңе дайындалу керек»
деген ойлар мазалады. Шыны керек, жақсы сылтау тапқанда
ұсынысыңды қабылдамас едім. Алайда жүрек қалауын жасап, керемет


сезімге бөлендім. Əрине, жаңа бəтеңкемді тазартуыма тура келеді.
Бірақ біздің мəмілеміз шабыт сыйлады, бір аптаға жетерлік күш-қуат
жинап алдым. Сондай жеңілдік сездім!
Таныс жағдай ма? Аяқ астынан далаға шығып, серуендеуге асыққан
кездер бола ма? Алайда бірер минуттан кейін іштен бір дауыс былай
дейді: «Ей, сенің қыруар шаруаң бар емес пе?» Білім беретін курстарға
немесе пайдалы тренингке баруға ниетіңіз бар. Бірақ ішкі дауысыңыз
былай дейді: «Ой, не істейсің бұны? Одан да жаңа сөмке алмайсың
ба?» Йога сабағына барғыңыз келеді, тіпті баруға жиналып қойдыңыз.
Бір кезде іштегі дауыс: «Йога сағат кешкі 9-да, сонда үйге 11-де
келесің. Істеріңді жасап үлгермейсің, ұйқың да қанбайды».
Жүрек қалауын қанша рет тұншықтырдыңыз? Анығырақ сұрасам: бір
күнде неше рет жүрек қалауын өшіресіз?
Барлығына қарсыласу күші кінəлі. Миымыздағы қауіпсіздік ұғымына
қайшы барлық қалауымызға қарсы сылтаулар табылады. Жайлы
ортадан алып шығатын кез келген əрекет те іштей үлкен сылтауларға
кездеседі.
Миымыз үшін жайлы ортадан тысқары шығу өртке оранғанмен тең.
Өрт орын алмас үшін ми өзінің «алдын алу шараларын» жасайды.
Сөйтіп, адамда түрлі сылтау табылады. Тыңдаңыз, сылтаулардың
даусын естисіз бе? Сылтау – жайлы ортадан шығудың алдын алушы.
– Далада сондай суық, үйде қалайық...
– Жұмыстан шықсаң, аш қаласың.
– Өз ісіңді бастама. Бұл – сенің таныстарыңның қолынан келмеген іс.
– Бөлмеңнен шықпа. Қателік жасама.
– Тренингтерге барма. Əйтпесе, айдың соңына дейін ақшаң жетпей қалады.


Ішкі сезім немесе ішкі дауыс
Жан дүниеміз бізге əркез сыбырлайтынына сенемін. Менің айтпағым
ішкі дауысымыз бен түйсігіміз жайлы. Жан дүниеміздің нəзік үні мен
жүрек қалауы жайлы. Оны қалай атағыңыз келсе де, өз еркіңіз. Бұл
ішкі дауыс нені қалай жасау керектігін нақты біледі. Бірақ бұл нəзік
дауыс «өрт сөндіруші» кейпіндегі сылтауға толы қорқыныштардың
дабылынан естілмей қалып жатады. Ол сылтауларға толы дабыл
бойымызды қорқыныш билегенде пайда болады.
Осының салдарынан əлемде қанша идея жүзеге аспай қалды екен?!
Əлбетте, 20 жылдық еңбек өтілі бола тұра жұмыстан шығу, бизнесін
сатып жіберу, Гавай аралдарына кетіп қалу – оңай емес. Алайда не
айтпағымды түсінген боларсыз.
Ричард Бахтың керемет сөзі бар: «Бір істі жасауға ықыласыңыз бар
болса, ол істі аяғына жеткізуге де күш-қуат беріледі»
19
. Əрекетке деген
қалаудан кейін энергияның толып тұратынын сеземіз. Міне, осы кезде
«ықыласты сөндірушілер» келмей тұрып, алғашқы қадамды жасап
үлгеру керек.
19
 Бах Р.
Иллюзии. Приключения одного мессии, который мессией быть не хотел. М.: София,
2014.
Максим есімді танысым үш жыл бойы боксқа баруды бастағысы келді.
Бірақ үнемі кейінге ысыра берді. Неге? Себебі болмашы сылтауы шаш
етектен.
Бірде Максим маған хабарласып, мəселенің бүге-шүгесіне дейін айтып
берген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет