Лирика
Жақында маған мынадай сұрақ қойылды:
– Сені өзгеруге əкелген ең соңғы мотивация қандай болды? Қанша тырыссам да, менің өз
өмірімді өзгертуге күшім жетпей-ақ қойды...
– Мен жай ғана құрдымға кеткенімді түсіндім.
– Қызық екен.. Бірақ мен ондай жағдайда емеспін. Солай болса дағы өзгере алмаймын.
– Онда қашан құрдымға кеткенше қимылдама. Қашан барлығы жаман болғанша күт.
Тағы да қайталаймын, мотивацияның екі ғана түрі бар: аяғыңызға
салған тұсаудан (мəселеден) кейін топ етіп құлау не құламай тұрып
шарықтау.
Қайсысын таңдайсыз, сіз шешесіз!
Үйреншікті жұмысыңызды тастап, əкеңізді
кешіріп, қалай жазушы болуға болады?
Өмірін 180
0
С градусқа өзгерте білген тағы бір жанның оқиғасы. Сізге
ұнайтынына сенімдімін. Сол үшін ыңғайланып отырып оқыңыз. Қазан
қаласында өткен ТЕDx конференциясында өмірін бір ғана
фрирайтингпен өзгерткен Руслан Серазетдиновпен таныстық. Қазір
Руслан Қазанда өте танымал медиаменеджер, жазушы, журналист əрі
тренер. Ал оның «қайта қалыпқа келуі» қалай басталды? Бір күні
əдеттегідей жұмысқа бара жатып жүрегі айнып, бойын билеген
жайсыздықтан жол бойындағы жағалауға келіп тоқтайды...
Басты кейіпкер туралы басынан бастайық
Журналистика
факультетінде оқып, университетті аяқтаған Руслан
бірнеше жылдар бойы өз мамандығы бойынша жақсы жұмыс жасап
жүреді. Барлығы өзі жақсы білмейтін сауда саласына ауысудан
басталды. Беделді холдингтердің біріне сату бөлімінің орынбасары
болып тағайындалады. Қол астындағы ұзын саны 40-50-ге
жететін
жұмысшыларға жиналыстар өткізіп, алты жылын түкке қажетсіз
қағаздар толтырумен өткізеді. Дегенмен өзіне мүлде жат саланың
білікті маманы болуға барын салады. Адам қашан да өзгеге тиесілі
өмірді бірден сезеді. Алғашқыда тағдырың
саған кішкентай белгілер
арқылы ескерту жасайды. Ол ескертпелерін ескермей, елеусіз қалдыра
берсең, алдыңнан үлкен қиындықтар бой көрсете бастайды.
Руслан өзіне төнген қауіпті дер кезінде түсіне білді. Сол күні
жағалауға келіп тоқтауына жүрегінің айнуы себеп болған-ды.
«Көлігіммен жұмысқа кетіп бара жатқанда «Маған не болған?» деген
сұрақ жол бойы маза бермеді. Денсаулығымда кінəраты жоқ адам
болсам да күнде таңертең бойымды жайсыздық жайлап, жүрегім
айнитынды шығарды», – деп жағдайын толық сипаттап берді.
Фрирайтингпен
таныстық
Бұл жайсыздығының себебін анықтаймын деп жүргенде қолына
«Утренние страницы» əдісі жазылған Джули Кэмеронның «Путь
художника» кітабы
12
түседі.
12
Достарыңызбен бөлісу: