Өз өмірін өзгерткісі келетіндер үшін жаттанды сұрақтың бірі:
«Алғашқы қадам жасау қорқынышын қалай жеңуге болады?
Ұнатқан ісіңмен айналысу үшін ең бірінші неден бастау
қажет?»
Бұған қысқа жауап қайырған Тёма Лебедев
8
еді. Оған «Өзімді өзгеріске
қалай ынталандырсам болады?» деген сұрақ қойды. Тёма Лебедев:
«Ешқалай. Көш соңында қала беріңіз», – деп жауап қайтарды.
8
Лебедев Артемий Андреевич – ресейлік дизайнер, өнертапқыш, блогер, бизнесмен,
саяхатшы.
Дөрекі көрінгенімен айтылған ой дұрыс. Түйінін
шешіп айтар болсақ,
бірінші қадам неден басталуы қажет:
•
Өміріңнің қадірін арттыру.
•
Дұрыс мақсат қою.
•
Жолыңыздың сызбасын жасау.
Мақсат қою мен оған апарар жолды таңдауға кейінірек тоқталатын
боламыз. Ал қазір өміріңнің қадірін арттыруға келейік. Өміріңнің
қадірін арттыру – ұнамайтын істермен айналысумен уақытыңды
өлтірмеу. Бұл өзгерісті дəл қазір бастамаса, кейін мүлдем кеш
болатындығын тағы да бір еске салады.
Костяның бақытқа жету хикаясы
Біз білетін мотивацияның қарапайым екі түрі бар:
жетістікке жетуге
ұмтылыс жəне мəселені шешу. Яғни, бізді əрекет етуге тек қана
өзгеріске ұмтылу не басымызға келген ауыртпалықтар итермелейді.
Мысалы, менің танысым Костя өзінің айықпас дертке шалдыққанын
білді. Дəрігерлер оған бұл дерттің ең соңғы сатысында тұрғанын, бар-
жоғы екі-ақ ай ғұмыры қалғанын айтады. Костя не істеді дейсіз ғой?
Қалған аз ғана ғұмырын өз қалауынша өткізуге шешім қабылдады.
Оның арманы тұрғылықты жерін теңізге жақын аймаққа ауыстыру
болатын. Кешкілік уақытта гитарасын қолға алып,
теңіздің жағасында
əн шырқағысы келді.
Сөйтіп, барлық мал-мүлкін сатып, Малайзияға билет алды. Көп
кешікпей арманына айналған теңіз жағалауына көшіп барды. Сенесіз
бе, ол сол өлкенің ең бақытты жандардың біріне айналды.
Қалағанынша гитарада, банжода
9
ойнап, тіпті сол жерге танымал бола
бастады. Кейін дəрігерлер хабарласып,
бір қателіктің кеткендігін
айтып ақталды. Оның алда ұзақ ғұмыры бар екен. Ол өткен өміріне
оралудан бас тартты. Костя қазір де Малайзияда, бақытты өмір сүріп
жатыр. Сол жерде музыкалық топ құрып, өзіне ұнайтын іспен
айналысуда.
9
Банжо – ішекті музыкалық аспап
Қол
қусырып отырып, үлкен мəселені күту... Бұл – еріншектерге
арналған нұсқа. Басымызға бəле үйірілмей тұрып, адамда мотивация
болу керек.
Табыттағы өмір
Əрине, өзгеріске деген қадамды құрдымға кеткен соң емес, ертерек
жасаған дұрыс. Бірнеше жыл бұрын бір танысым өмірін өзгерткен
қызық тренингке қатысты. Ол жерде
қатысушылардың барлығын
орманға əкеліп, қабір қазып, табытқа салған көрінеді. Өз өмірі
турасында ой жүгіртсін деп сол күйі бірнеше сағат табытта
қалдырыпты.
Осыны естігенде бұл тəсілді барып тұрған ақымақтық деп санадым.
Оған қатысуға келіскендер де біртүрлі адамдар екен деп ойладым.
Бірақ дəл қазір өмірге деген көзқарасым өзгеріп, танымым кеңейді.
Табыттағы өмір – адамдарды əрекетке итермелейтін əдіс. Мұны
мойындаймын. Бір танысым сол кездегі жағдайын былай деп
сипаттады: «Табытқа салған соң қатты қобалжи бастадым. Жан
дүниемде жердегі
тіршілікпен қош айтысып, өлім сəтімен бетпе-бет
келгендей сезім пайда болды. Сол сəтте осынша уақыт түк
бітірмегенімді есіме алдым. Кеудемді бір ащы өкініш өртей түсті».
Өлімді ойлағанда ес жиналады. Өмірдің өлшеулі екені адамды əрекет
етуге мəжбүрлейді. Бір күні денсаулық, уақыт, күш-қуат сынды
ресурстардың таусылатынын түсіну шабыт беретіндей.
Өмірімнің қадірін қалай арттырдым?
Маған өлетінім жайлы ешкім ескерткен емес. Ешкім мені табытқа
салып, жерге көмбеді. Нағыз өмірім əлі басталмағандай еді. Ұйықтап
жатып жүгіргенге ұқсайды: барыңды салып жүгіріп бара жатасың,
оянсаң, бір сантиметрге де қозғалмағансың.
Сонымен, 2012 жылы
бір бет қағазды қолыма алып, əлі де шешімін
таппаған мəселелер тізімін жазып шықтым. Парақты екі бөлекке
бөлесіз. Бір бөлікке күнделікті ойыңызда жүретін, бір жылда болған
мəселелерді жазып шығасыз. Екінші бөлігіне олардың шешімін
ұсынасыз. Бұл қарапайым техниканы өзім ойлап тапқанмын. Сіздерге
де кеңес беремін.
Менің талдау парақшам:
2007 жыл – мені өз денсаулығым
мен тұлғалық жағынан дамыту
алаңдатады. Бұны шешу үшін не істедім?
Тойып тамақ жеп
қалыпты өміріме қайта оралдым.
2008 жыл – мені өз денсаулығым мен тұлғалық жағынан дамыту
алаңдатады. Бұны шешу үшін не істедім?
Бұрын қалай өмір сүрсем,
əрі қарай да соны жалғастырдым жəне қарнымды тойдыруды
ұмытпадым.
2009, 2010, 2011 жылдар...
Достарыңызбен бөлісу: