Бірнеше күн бұрын журналды ашып, парақтап отырғанмын.
Федор Емельяненконың сұқбатына көзім түсті. Ізгіден қалған
мына бір сөзді оқып берейін:
«Барлығына қолымды бір сілтегім келетін сезім болмайды.
Жаттығудан кейін, кезекті жекпе-жектен кейін тым ауыр күй
кешемін. Бірақ шаршаудың өзі керемет сезім екен. Бұл сезім
бала кезімнен таныс. Жеңіс үшін біраз дүниені тындыру керек
екенін білемін. Бала кезімде қала чемпионы болу арманым еді.
Арманым орындалды. Кейін облыс чемпионы болғым келді. Бұл
да орындалды. Сосын Ресей құрама командасына кіргім келді.
Бұл қалауым да жүзеге асты. Келесі кезекте əлем чемпионы
атағын жеңіп алу мақсатыма айналды. Құдайдың қалауымен,
жаттықтырушым мен отбасымның қолдауымен, өзімнің
табандылығымның арқасында бұл мақсатқа да жеттім».
Мені бұл сұқбат қайран қалдырды. Өне бойымды өзгеше сезім билеп,
ішкі дауысым «Əрекет ет!» деді. Бұл сезімді бірер минутқа соза
түссем, жоғалтып алатындай көріндім. Алайда құлшынысым 100%
өзімдікі. Нағыз ішкі шынайы сезімім еді. Бұл барлығынан да ғажап
сезім еді. Жаңа телефон алғандағы мақтаныш сезімінен де, көліктегі
жаңа хош иіс берушіден де, достарымызбен қыдырғаннан да артық
сезім еді.
Журналды қоя салып, ұялы телефоныма жүгірдім. Желіден ең бірінші
көзіме түскен орталыққа жазылдым да, спортпен шұғылдануға бел
будым.
Бұдан кейін мен де өз жүрегімді ғана тыңдайтын болдым. Расында,
бұл керемет екен! Мен өз қалауыма толықтай сендім. Денем ауырып
тұр, дегенмен энергия мен эндорфиннің (бақыт гормоны-ауд.) бойымда
екенін сезіп жүрмін. Қалайша 3 жыл бойы сылтауратып жүре
бергенмін.
Бір жыл өтті. Максим бокспен айналысып жүр. Бұл уақыт ішінде оның
жұмыстағы көрсеткіші 3 есе өскен. Айлық жалақысы да 3 есе
көтеріліпті. Бұл жерде құпия мынада: Максим өз рухын шыңдады, өз-
өзін тəртіпке келтірді. Осындай керемет қасиеттердің арқасында жаңа
биіктерді бағындыра алды.
Өмірдің кез келген саласында бұл əдіс 100% жұмыс жасайды. Мен
жайлылықтан айырылып қалсам да, жалғастыра беремін. Себебі
бұның тек жақсылыққа алып келетінін білемін.
Сіздің қанша уақытыңыз бар? Кедергі күші қай кезде
қосылады?
Сонымен, ішкі дауысымыз қайда барарын біледі. Бірақ біз өзге
дауыстарды қаттырақ «қосып», өз дауысымызды ести алмай қаламыз.
Қанша уақытымыз бар? Əлбетте, бұл сіздің əрекетіңізге байланысты.
Орта есеппен бір секундтан бірнеше сағатқа дейін баруы мүмкін.
(Мəселен, серуендеу бірнеше сағатты алуы мүмкін). Ең көп дегенде
қалауымыз бірнеше күнді алуы мүмкін.
Ұнатқан қызбен танысуда «3 минут» ережесі бар. Егер 3 минутта
ұнатқан адамыңның жанына барып тілдесе алмасаңыз, одан кейін де
бара алмайсыз. 3 минуттан кейін рухыңыз жетпей қалады.
Менің таныс дəрігерім науқастарына ми қорапшасы тарихын айтады
екен.
Ертеде бабаларымыз үңгірде өмір сүргенде бұл əлемнен хабарсыз еді.
Əлдекім бір қызыл жидекті жеп уланып, өліп қалады. Кейін адамдар
қызыл түсті барлық жидекке жоламай кетеді. Əлбетте, жеуге болатын,
дəмді қызыл жидектердің түрлері болды. Алайда ми қорапшасында
«қызыл жидек – өлім» деген ой қалыптасып қалған.
Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, алғашқы адамдардан біздің ешбір
айырмашылығымыз болмай қалады. Миымыз «Бастысы – тірі қалу»
деген қағидаға қатып қалған. Миымыз қауіпсіздігімізге нұқсан
келтіретін дүниелерді санамызға кіргізбейді. Бірақ жаңа шешімдер
өзіміз білетін шеңберден тыс кезде ғана қабылданады.
Егер сізге тың идея келіп тұрса, бірден іске кірісу керек. Алғашқы
қадамдарды идея келген бойда жасау керек. Себебі бір сағаттан кейін
идеяны жүзеге асыруға деген құлшыныс кетіп қалуы мүмкін. Ал бірер
күн өткеннен кейін бұл құлшынысты қайта ояту қиынға соғады.
Бизнес-тренерлерде бір тамаша құрал бар. Бағдарлама соңында
барлығы дерлік мынадай əңгіме айтады: «Семинарға билетті қазір
сатып алсаңыз, 9900 рубль тұрады. Ал тренинг күні алсаңыз 19 900
рубль. Орын саны аз». Көп адам аздаған ақшамен болсын алдын-ала
төлем жасағанды қалайды. Меніңше, бұл дұрыс. Пайдалы семинарлар,
сапалы курстар спортпен шұғылданғандай шабыт береді.
Əлбетте, бұл шарттардың барлығы адамды дереу əрекетке итермелеп,
жүректің алғашқы қалауы мен ықыласын ұстап қалуға əсер етеді.
Бəлкім, сізде де шеберлік класына келіп, қатты ұнап қалған кездер
болды ма? Сонда жүрегіңіз «бұл оқуды жалғастырғым келеді» деп
айтты ма? Алайда үйге бардыңыз, тоңазытқышты аштыңыз, толмай
тұрғанын көрдіңіз. Болды, жайлы ортаның қамы үшін ақшаны қайда
жұмсауды шештіңіз. Оқу, курс өз жайына қалды.
Оның алдын алу үшін алғашқы жалынды ұстап қалыңыз. Адамдармен
танысыңыз. Жаңбырда серуендеңіз. Тренажер залына барыңыз. Оқу-
білім жолына ақша төгіңіз.
Жайлы ортадан шықсаңыз, керемет мүмкіндіктер ашылады. Иə,
бəлкім, фитнес-клубқа барар жолда тоңып қаларсыз. Иə, бəлкім,
курсқа барсаңыз, ай соңында ақшасыз қаларсыз.
Бірақ қарымына ең маңызды қабілетті игересіз. Бұл қабілет – өз
жүрегіңізді тыңдай білу.
«Айтпақшы, кішкентай пілдің оқиғасы немен аяқталды?» – деп
сұрауыңыз мүмкін. Ештеңе болмады. Мойнына арқан оралған күйде
өлді де қалды.
|