Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Адамның жетістігі, оның əлемге не бере алатындығымен өлшенеді



Pdf көрінісі
бет23/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Адамның
жетістігі, оның əлемге не бере алатындығымен өлшенеді
».
Сонымен, сіз əлемге не бересіз? Сіз не жасап жатырсыз?


Жауабын қағазға жазыңыз. Бұл міндетті түрде ауқымды немесе көзге
түсер нəрсе болуы шарт емес. Мысалы, отбасында жақсы қарым-
қатынас жасау сіздің қолыңыздан келетін бірден-бір керемет іс екенін
білесіз. Олай болса, соны жазып қойыңыз.
«Мен бөліскім келмейді!»
Менің досым ұзақ уақыт бойы біреумен бөлісу керек екенін
мойындамайтын. Ол: «Мен нағыз Шықбермес Шығайбайдың өзімін,
сараңдығымның шегі жоқ. Мен адамдарды ұнатпаймын, оларға ештеңе
бергім келмейді жəне мен өзімді керемет сезінемін», – дейтін.
Мен: «Жарайды, бұл санатқа жатпайтын болар» деп ойладым. Бірнеше
айдан кейін мен оның күн сайын құрылыс форумдарында жəне
құрылыс топтарында бес жұлдызды рейтингі бар адам екенін білдім:
ол адамдарға құрылысты қалай жəне дұрыс салу керектігі туралы
практикалық кеңестер береді.
Мен оған: «Міне, сенің құмарлығың. Сенің əлеммен бөлісу тəсілің
осы. Сен барлық бос уақытыңды осыған жұмсайсың», – дедім. Ол
таңғалып: «Бұл да есепке кіре ме?»
Əрине, ескеріледі. Бұл да шығармашылық əрі жетекшіліктің бір түрі.
Чеховтың даналығы
Менің əріптесім Чеховтың (мен Чеховты əріптес деп атағанды
ұнатамын) айтуы бойынша, «Чайка» пьесасының кейіпкерлерінің
біреуі арқылы: «Шығармашылық лəззатын татып көрген адамға, одан
басқа лəззат жоқ».
«Жасампаздық» – бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес лəззат.
Жазушы Рэй Брэдбери дəл айтқан: «Сапар барысында мен бір күн
жазбасам, өзімді жайсыз сезінетінімді түсіндім. Екінші күн мен
дірілдей бастаймын. Үшінші күн есімді жоғалтудың шақ алдындамын.
Төрт – іші ауырып жатқан шошқа сияқты күйде боламын. Жазу
машинкасының алдындағы бір сағат уақыт бірден маған қуат
сыйлайды. Аяққа тұрғандай боламын. Қадам басуды жаңа үйренгендей
жүгіре жөнелемін».
Егер жазбай қалсам, өзімді өте нашар сезінемін. Word-ты ашып,
жазуды бастау арқылы ең ауыр көңіл-күйді жеңе аламын. Мен
мұнымен айналыса бастағанда: «Мұны кім оқиды?» деп ойлайтынмын.


Дүниеде осы іспеттес ойларға ерік бергендер сияқты мен де: «Осының
бəрін адамдарға айту құқығым бар ма, мен соншама кім едім?» деген
ойда қалатынмын.
Бірақ уақыт өте келе айтпаса тұра алмайтын дəрежеге жетесіз. Екінші
нұсқа: жылдар бойы кіреберісте отырып алып өткен-кеткен
жасөспірімдерге: «Нашақор!» «Жезөкше!» деп айқайлап отыратын
жаман, залым əжейге айналғаныңызды түсінесіз.
Өмір бойы өз арманымды орындауға тырыспағаным үшін өкінуден бас
тартамын. Одан да сыншылармен күрескенді жөн деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет