Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Жан дүниеңіздің даусын естудің үш əдісі



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Жан дүниеңіздің даусын естудің үш əдісі
Мені толғандыратын бір сұрақ бар. Тағдыр шешімі, жақсы көретін іс
туралы тақырыпта сөз қозғағаннан кейін ойыма үнемі осы сұрақ
келеді. «Дəл осы істі жақсы көретінімді қалай түсінемін?»
Немесе мына бір нұсқадағы: «Мен шынында дəл осыны
қалайтынымды қалай білемін?» жəне «Жүрегіме үңіліп, оны қалай
тыңдай аламын?»
1. Сіз толыға түсесіз
Бірде мен қос ғашықты əрі керемет жұпты кездестірдім. Атамыз 90
жаста, ал əжеміз 87 жаста еді. Олар 65 жылдан бері бірге екен. Мен
атамыздан «жақсы қарым-қатынастың сыры неде» деп сұрадым. Сонда
ол: «Оның қасында мен өзімді толыққанды жайлы сезінемін», – деп
жауап берді.
Барлық сүйіспеншіліктің, дамудың кілті – толыға түскеніңді сезіну.
Ұстаздан: «Мен өзім жақсы көретін нəрсені жасап жатқанымды қалай
білемін?» «Өзімнің өсіп келе жатқанымды қалай түсінемін?» – деп
сұрадым. Ол да дəл солай жауап берді: «Өзіңнің толығып, бұрынғыдан
да дархан көңілге ие болғандығыңды сезінген шақта».
Жүрегіңіз шалғайда емес, жаныңызға жақын жерде, кеуде тұсыңызда
тұр емес пе. Бар-жоғы өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Бұл жұмыс / адам /
əрекет мені толықтыра ала ма?»
2. Қосымша мотивация қажет емес


Жақында мен танымал кəсіпкер, A3 дүкендер желісінің иесі Илдус
Назметдиновпен кездестім. Біз өзін-өзі ынталандыру жайлы сөйлестік.
Ол менен:
– Сен бəрінен де немен айналысқанды артығырақ жақсы көресің? – деп сұрады.
– Бəрінен бұрын мен əлемді танып, білгенімді адамдармен бөліскенді ұнатамын.
– Бұл істі күн сайын, тіпті демалыс күндері де жасау үшін сені көндірудің қажеті бар ма?
Сен таңертең оянып, өзіңді «жұмысқа баруға» мəжбүрлейсің бе?
– Əрине жоқ!
– Демек, бұл «өз орнында болу» деп аталады. Адам өз орнында болған
кезде үнемі өсіп отыруына қосымша ынта қажет емес. Менің
жұмысым да дəл солай: мен тəулік бойы бизнеспен айналысамын. Бұл
– мен үшін қалыпты жағдай.
Осы тұста мен онымен толық келісемін: сіз «дəл сол істі» тапқан кезде,
қосымша уəждеме қажет болмайды. Ешкім сіздің өсіп-жетілуіңізге
кедергі жасамаса болғаны. Мен «ертең дүйсенбі, қандай сұмдық»
немесе «күн сайын жұмысқа бару үшін ояну қандай қорқынышты»
деген əзілдерді түсінбеймін. Мен: «Ертерек таң атса екен, өйткені алға
қарай жылжу үшін тағы да бір күн» деген ойлармен көз ілемін.
Вадим Зеланд «Трансерфинг реальности» атты кітабында осы
тақырыпты өте жақсы жеткізеді.
Сіздің жаныңыз қалайтын «жоқ» деген сөзді анықтаудың қарапайым
жəне сенімді алгоритмін ұсынамын. Егер сіз өзіңізді «иə» деп айтуға
мəжбүрлеп, не көндіріп жатсаңыз, онда жан дүниеңіз «жоқ» дейді.
Есіңізде болсын: сіздің жаныңыз «иə» деп айтқан кезде өзіңізді
көндірудің ешбір қажеті жоқ.
3. Бұл сізге күш-қуат береді
Қалаған істі табу жөніндегі маман əрі менің досым Кристина
Макарова: «Күш-қуат қайда болса, табыс сонда», – дейді.
Сіз қай кезде ең көп қуат алатындығыңызды байқаңыз. Егер сурет салу
кезінде болса, сурет салыңыз. Егер үлкен іс-шаралар ұйымдастыру
кезінде болса, соларды ұйымдастырыңыз. Егер спортзалда болса,
спортпен шұғылданыңыз.
Ата-анаңыз қалағандықтан немесе «Болашақта ең көп сұранысқа ие
кəсіптер» рейтингіне сəйкес заңгер атанудан бас тартыңыз.
Қуаттың соңынан еріп отырыңыз. Сонда қалауыңыз сөзсіз шығатын
жолды табады.


Менің бір досым өз жолын ұзақ іздеді. Ол ландшафт дизайнері,
қолөнер шебері жəне тіпті биші де болуға тырысты. Бірақ əр таңдауы
бар-жоғы алты айға жететін.
Өзін іздеп жүрген уақытта оның сүйікті хоббиі болатын. Ол – дəмді
жəне пайдалы тамақ дайындау. Оған мұны мəжбүрлеп жасаудың
қажеті жоқ еді, ол сондай жігермен əрі оны шын жүректен жасайтын.
Біз сүйіспеншілікпен бірдеңе жасаған кезде сезіміміз ұлғайып, ал
махаббатымыз сыртқа шығар жолды іздейді. Оның да басына дəл
осындай сезімдер тап болды. Алдымен ол отбасына ғана арнап
пайдалы тамақ əзірлейтін. Содан кейін бір күні таныстары оны Гавайя
кешінде бас аспаз болуға көндірді, кейіннен енді бірі атасының
мерейтойына орай 50 адамдық кешкі ас дайындауды өтінді. Сөйтіп,
шынайы қалау аздап болса да əлемге жария бола бастады.
Соңында, ол қыз үйлену тойларына, корпоративті кештерге қызмет
көрсете бастады, кейіннен дəмді жəне пайдалы тағам сататын өз
фирмасын құрды.
Міне, осындай сиқыр ғана. Сіз күш-қуат пен энергияға толы
көңіліңізді ашық күйде қалдырсаңыз, ертелі-кеш айналаның бəрін
толтыра бастайды. Үлкен əлемге шығудың жолын да табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет