Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Бақытты болудың қарапайым жолы немесе



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Бақытты болудың қарапайым жолы немесе
шығармашылыққа өзгеше көзқарас
Менің екі жаңалығым бар: жақсы жəне жаман. Жақсы жаңалығым:
өмір жасампаздықты жақсы көреді. Жаман жаңалығым: адамдар
«жасау» жəне «ойлап табу» ұғымдары туралы біржақты ойда.
Шығармашыл адамдар деп тек жазушыны, дизайнерді, бишіні,
суретшіні атайтыны қатты қынжылтады.
Жақсы хирургтың олардан не айырмасы бар? Күн сайын ол күрделі
операциялар жасайды, ағзаларды жаңадан тіршілік қамына келтіріп,
қызметін қайта жаңартады. Хирург – жаңа мүмкіндіктерді ойлап
табушы.
Мысалы, ғалым несімен жасампаз адам емес? Күн сайын ғалымдар
өздерінің қиялын əлі болмаған идеяларды ойлап табу немесе
гипотезаларды тексеру үшін қолданады.
Күн сайын қызықты десерттерді ойлап тапқан əйел де жаңа мəзір
жасақтаушысы емес пе?
Неліктен клиенттермен тамаша қарым-қатынасты құратын талантты
сатушыныны да жасампаздар қатарынан таба алмаймыз?
Немесе күн сайын өз денесіне өзгерістер енгізетін спортшы жасампаз
емес пе?
«Жасау» дегеніміз не?
Жаңа дүние жасаудың көптеген жолдары бар. Мен жүздеген
адамдармен сөйлестім жəне олар нені жəне қалай жасайтынын
сұрадым.
Антон – ірі компанияның жеткізу қызметінің басшысы. Оның айтуы
бойынша, жұмыстағы күрделі міндеттерді шешу – əлденеге жаңаша
өмір сыйлағандай. Қандай да бір мəселені шешу де шығармашылықты
талап етеді. Антон: «Бізде күн сайын көлік логистикасы,
жүргізушілерге қатысты қиындықтар орын алып жатады. Егер мен
өзімнің тəжірибем мен тапқырлығымды күрделі мəселені шешуге
қолдана алсам, сонда мен өзімді бақытты сезінемін», – деді.
Аня – үй шаруасындағы əйел. Аня: «Мен өзгеше десерт пісірген кезде
өзімді бірдеңе жасағандай сезінемін. Мен өзім тағамдарды жасап,


араластырып, рецепт ойластырып жүргенде уақыттың қалай өтіп
кеткендігін байқамай қаламын», – дейді.
Ольга – тренинг ұйымдастырушы. Оның айтуынша, білім мен
адамдарды байланыстыратын көпір бола алатыны өзіне ұнайды. Ол
адамдарға білім алып, өмірлерін жақсарту үшін жақсы орын мен
атмосфера жасай алатынын біледі.
Адамдар – жол көрсетушілер
Мен əр адамның бізді бағыттаушы, жол сілтеуші екеніне сенімдімін.
Біз секунд сайын əлемді тани түсеміз. Сырттан келген ақпарат бізге
толассыз «сіңіп» жатыр. Осылайша біз қандай да бір тəжірибені,
сезімдерді өзімізге қабылдап аламыз. Мұның бəрі бізде «қайнап»,
кейіннен шығар жол іздейді. Біз мұны əлеммен бөліскіміз келіп
тұрады. Түрлі əдістермен сыртқа шығуға тырысып-ақ жатады. Бөлісу –
баршаға ортақ қасиет. Адам əлемге бір нəрсе бере алғанда ғана
бақытты болады.
Енді ұнатпайтын жұмыспен айналысатын, кеңседе күні бойы отырып
ештеңе жасамайтын, өзін дамытпайтын, түсінбейтін адамды елестетіп
көріңіз.
Аянышты бейне. Мен үшін бұл – тəжірибелерінің жіпсіз байланысына
тұтқынға түсіп, шығу жолын таба алмайтын адам. Ол іштей «шіри»
бастайды.
Басында адам қуаныштан құр қалып, қайғыға батады. Содан кейін ол
өмірдің мағынасын біртіндеп жоғалтып, ақыры іші ашу-ызаға тола
бастайды. Өз өмірінен қанағаттанбаған, бір істің көзін таба алмаған
адамдар кейіннен əркімнің тырнақ асты кірін қазбалап, интернетте
жағымсыз пікірлер арқылы өзін-өзі ақтауға немесе жетістікке
жеткендерді балағаттауға кіріседі.
Ал сіз сондай болғыңыз келе ме?
Басты сұрақ
Егер жауабыңыз «жоқ» болса, онда бүгінгі күннің басты сұрағы: «Сіз
бұл дүниеден алғаныңызды қалай қайтарып бересіз?»
Ұстаздарымның бірі керемет сөз айтқан болатын: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет