Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Сіз өзіңіздің неге бейім екеніңізді білгіңіз келе



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Сіз өзіңіздің неге бейім екеніңізді білгіңіз келе
ме? Сүйікті іс жайлы шындық
Ең маңыздыны адам баласы əу бастан біледі. Жай ғана өзіне
мойындатуға қорқады» деген керемет сөз орамы бар. Расында да, дəл
солай.
Бір танысым он жыл бойы сүйікті ісін табуға тырысты. Ол бірнеше
жүз мыңдық рубльді түрлі тренингтер, консультациялар, үйрететін
программалар жəне сол секілді курстарға жұмсады. Соңында 3650
күндік ізденістен кейін түсінгені, шыр-пыр болып іздеп жүргені,
шындығында, жан дүниесінің тереңінде жатқан екен.
Нақты қандай іс болғанын айтпай-ақ қояйын, маңыздысы бұл емес.
Қажеттісі – оның бірнеше айдан кейін айтқаны:
«Мен он жыл бойы өзімнің сүйікті ісіме қатысты
дүниелерді мойындағым келмеді. Ақымақтық болғаны,
рас. Бірақ сол сəттер уайым-қайғысыз күндер еді.
Ізденісте жүрген сондай керемет. Сен кітаптар оқи
аласың, семинарларға қатысып, талқылауға болады. Бұл
оңай. Ал қазір мен өзімнің бейімділігімді айқындағанда
қиындықтар басталғандай. Маған əр күні жақсы көретін
ісіммен айналысуға тура келеді. Сен жай ғана мақсат
қоясың да əрекет етесің. Тағы да мақсат қоясың да
əрекет етесің. Бұл – үлкен жауапкершілік!»
Соңғы жылдары жүзден аса адамға өздерінің өмірлік
істерін анықтауға көмектестім. Өмірлік бағытын
анықтайтын ең үздік тренерлермен араластым.
Тақырыпқа байланысты көптеген кітаптар оқыдым.
Соның жемісін қазір көріп отырмын. Мен көмектескен
адамдардың 99%-ы жүрегінің түкпірінде өзінің неге бейім
екенін тапты.
«Ешқандай «сиқырлы» тағдыр кездеспейді. Сол бір істің
шебері болу үшін төккен теріңіз бен жан дүниеңізге
тиесілі жұмыс қана бола алады».
Міне, бұл – менің өмірлік бағытты анықтауға көмектесетін тренер
құрбымның айтқаны.


Егер адам тренингтен кейін былай деп айтар болса:
«Мынау керемет қой! Менің бейімділігім осы істе екен! Маған
жаңалық ашылды!» – бұл тренингтің пайдаға аспағанын көрсетеді.
Өйткені нағыз бейімділік əрдайым сенімен бірге болған жəне сен
білетін іс болуы керек. Тек сол бір іске, тағдырыңызға жүзіңізді бұрып,
бетпе-бет келуге дайын болсаңыз болғаны. Тренингтен кейінгі дұрыс
реакция: «Негізінде, мен де солай ойлап едім» немесе «Маған дəл осы
іспен айналысу керек екендігін сезген едім».
Сіз өзіңіздің қандай іске бейім екендігіңізді білесіз. Дегенмен БІЛУ сіз
ойлағандай маңызды емес. Бастысы – жасау. Жəне білгеніңізді жүзеге
асыру – ең қиыны. Өмірде сиқырлы таблеткалар да жоқ. «Сенің жан
дүниеңмен жасайтын ісің – Кения қорығындағы жолбарыстарды
қорғау. Кенияға жол тарт жəне сен бар болғаны жарты сағатта
миллионер атанасың!» деген секілді «таңғаларлық рецептті» ешқашан
ала алмайсыз.
Неліктен адамдар өздерінің неге бейім екенін жылдар
бойы іздейді?
Барлығы оңай: өйткені ізденісте болу оларды іске кірісу
жауапкершілігінен босатады. Арықтай алмай жүрген адамдарды алып
қарайық. Олар: «Маған ештеңе де көмектеспейді», – деп
шағымданғанды жақсы көреді.
Сіз өзіңіздің ісіңізді тапқан кезде, нақтырақ айтқанда, мойындаған
сəтіңізде, дағдылы жұмыс күндері басталады. Сізге сағаттап сүйікті
ісіңізбен айналысуға тура келеді. Бəлкім, машықтанғаныңыздың
арқасында екі-бес жылдан кейін сіз елестеткеннен де үлкен дүниелер
пайда болуы мүмкін.
Өмірдің шындығы осындай.
Мен жеті жасымнан бастап мəтіндер жазатынмын. 13 жастан өзімнің
журналистік мақалаларымнан ақша таба бастадым. 25 жасыма дейін
еліміздегі ең ірі журналдар мен газеттерде жұмыс істеп үлгердім. Ең
танымал ТЖ (тірі журналды) жүргіздім, айналамдағылардың барлығы
да менің жеті жасымнан жақсы жазатынымды қайта-қайта айта
беретін.
Əйтсе де 28 жасқа дейін менің бейімділігім жазу екендігін барынша
байқамауға тырыстым.
Осылайша 21 жыл бойы «қашып келдім».


Неге екенін білесіздер ме? Себебі мойындау дегеніміз төмендегідей
жұмыстарды жүктейтін:
Маған əр күні үстелге отыра сала жазу керек, жазу керек, жазу керек.
Бұл бейне бір спортзалға баруды бастау секілді. Əрдайым. Əр күні.
Өмір бойы.
Ешқандай романтика да жоқ. Компьютердің алдында отырасың да
жазасың. Күнде қайталағанды ертең тағы да қайталайсың.
Эйнштейн де дəл осылай жұмыс істеді. Ол интеллектуалды қабілетті
қорғайтын мекемеде үстелден бас алмай отырған күйде еңбектенді.
Леонардо да Винчи де, Оноре де Бальзак та. «Гарри Поттердің» авторы
Джоан Роулинг те. Ол жалға алынған пəтерінде отырып, күн сайын
бірнеше сағатын кітап жазуға арнады. «Сəтті жетістік» жайлы
тренингтерге қатыспады, Porsche сатып алу үшін немесе бір жерге
барып демалуға қалай ақша табамын деп ойланбады. Жай ғана ұзақ
жұмыс жасай берді.
Бұл кімге ұнасын? Бəрі де сиқырлы таблетканы қалайды. Көбірек,
неғұрлым көбірек болса дейді!
Бір қыздың оқиғасы
Бір күні консультациямда бір қыз болды. Ол жақсы көретін ісінің сурет
салу екендігін жақсы білсе де, өз бейімділігін іздеп жүргендей болды.
Ол бес жасынан сурет салады екен. Оның суреттері кереметтей
туынды болып шығатын. Бастысы, ол бұл ісіне сағаттап уақытын
арнай алатын.
Консультацияда біз бірнеше жаттығу жасадық. Осының арқасында ол
өзіне сурет салумен айналысу керектігіне көз жеткізді. Осыдан соң ол
бақытты болып кетті. Жарты жылдан кейін ол қайтадан менің
кеңесімді алғысы келетінін айтты. Келді де былай деді: «Мен өзімді
дұрыс жаққа бағыттай алмаған сияқты сезініп жүрмін. Жарты жыл
бойы бір event-агенттікте менеджер болып жұмыс жасаудамын.
Барлығы жақсы секілді, бірақ бір нəрсе дұрыс еместігін сеземін.
Маған өзімнің неге бейім екенімді табуға көмектесші».
Көзім шарасынан шыға жаздап, «Сурет салып жүрсің бе?» – деп
сұрадым. Ал ол болса, қолын сілтеп: «Кей кездері аз-аздап саламын», –
деп жауап берді.
Біз жаңа жаттығулар жасап көрдік. Барлық белгілер оның суретпен
айналысу керектігін қайтадан көрсетті. Сурет салу бейнетті жұмыс


болғандықтан, оның бұл іспен айналыспай жүргендігін ұзақ əңгіме
барысында түсіндім. Ал əрдайым адамдармен алдын-ала дайындалған
сценарий бойынша сөйлескендіктен, ешқандай қиындық та, мəселе де
туындамайды. Сондықтан оған event-агенттікте менеджер болған
ұнайтын.
Ақыр соңында: «Тағы да сурет салу ма? Оңайырақ бейімділік тапсам
болмай ма?» – деп үмітсіз күйде сұрады.
Мен: «Оңайырақ па? Жоқ, болмайды», – деп жауап бердім. Меніңше,
жауабым оған ұнай қоймаған секілді.
Көп жұмыс істеген Кавказдық бақташының оқиғасы
«Жылан адам» аталып кеткен Мұхтар Гусенгаджиев жайлы оқиғаны
əңгімелеп берейін. Ол қарапайым Кавказдық бақташы болатын, бірақ
ол өзінің иілгіштік қасиетін дамытып, Гиннесс рекордтар кітабына
əлемдегі ең иілгіш жан ретінде енген.
Бір күні ол Канарадағы циркке əртіс ретінде шақырылды. Сол жерде
керемет өнер көрсеткендіктен, ендігі кезекте Мұхтарға жаңа
ұсыныстар қарша борай бастады.
Күндердердің күнінде оған əріптесі келіп: «Мұхтар, сен жаңа
келісімшарттарды қайдан аласың? Сол жерге мені де алып барасың
ба?» – деп өтініш жасады. «Жарайды, дайындал. Кешкісін саған сол
жерді көрсететін боламын», – деп Мұхтар жауап қайтарды.
Олар кешқұрым кездесті. Əріптесі үстіне өзінің ең жақсы костюмін
киіп алыпты. Мұхтар оны сиқырлы орынға алып барды. Олар белгісіз
бір ғимаратқа келді де əріптесіне бұрылып: «Міне, мен осы жерден
ұсыныстарды аламын. Əр күні басқа əртістер ұйықтап жатқанда, мен
бірнеше сағат жаттығамын. Əр күні сіздер сахнада өнер көрсеткеннен
кейін жағажай мен клубтарға кеткенде, мен осы жердемін. Терезесі де
жоқ залда сағаттап машықтанамын. Міне, осы залда ұсыныстар мен
келісімшарттарды да береді», – дейді.
Маған осы əңгіме қатты ұнайды, өйткені шындық – осы.
Əрекет жасау маңызды. Сонда ғана, бəлкім, сізді жетістік күтеді.
Əрине, саяхаттағыңыз келеді, сіздің кіммен дос болып, не ішкен-
жегеніңізді, қайда болатыныңызды барлығы көрсін деп Instagram-ға
суреттер салуды қалайсыз. Əйтсе де, шындығында, күнделікті жылдар
бойы сүйікті іспен шұғылданғаныңыздың арқасында ғана жетістікке
жетуге болады.


Іздеген адам жол табар. Тек қана алға қадам бас!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет