191
бұлшықеттері, мойынның беткей және кеңірдек алды
шандырларымен қалқанша без
үлестері, көмейдің бүйір беттері оны қапсыра орналасқан қалқанша без қылтасымен
жабылған.
Жұтқыншақ, көмеймен бүйір жақтары ожау-қақпашық қатпарлары, (plicae
aryepigloticae), алдынан көмей қақпашығы шектеген көмей кіреберісі (aditus laryndeus)
арқылы қатынасады.
КӨМЕЙ ҚУЫСЫ
(cavitas laryngis), шартты үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы, ортаңғы және
төменгі.
Жоғарғы бөлім,
немесе көмей кіреберісі (vestibulum laryngis),
аралықтары кіреберіс
саңылауын (rima vestibuli) түзетін кіреберіс қатпарларымен (plicae vestibulares) шектеледі.
Ортаңғы бөлім,
немесе қарыншааралық, кіреберіс қатпарларынан
дауыс қатпарларына
(plicae vocalis) дейін жалғасады. Осы қатпарлар арасында көмей қарыншалары (ventriculus
laryngis) орналасқан, ал дауыс қатпарлары
көмей қуысының ең тар аймағы, дауыс
саңылауын (rima vocalis) шектейді. Дауыс саңылауының алды жарғақаралық (pars
intermembranacea) арты шеміршекаралық (pars intercartilaginea) бөліктер деп аталады.
Төменгі бөлім,
дауыс
саңылауының астында орналасқан, бұл дауысасты қуысы (cavitas
infraglottica), ол кеңірдекке жалғасады. Көмейдің ішкі беті шырышты қабықпен
көмкерілген.
Шырышасты негізінде, төртбұрышты жарғақпен (membrana guadrangularis)
эластикалық конустан (conus elasticus) құралған талшықты-серпілмелі жарғақ (membranа
fibroelastica) орналасқан. Төртбұрышты жарғақтың жоғарғы жиегі ожау-көмей қақпашығы
байламдарына жетсе, төменгі бос жиектері оң және сол кіреберіс байламдарын
(ligg.vestibulares) түзеді, ал эластикалық конустың
жоғарғы жиегі симметриялы
орналасқан дауыс байламдарымен (ligg.vocale) аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: