260
орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады.Бұл жол
экстрапирамидалық
жүйеге жатады, яғни қаңқалық бұлшықеттердің тонусын және жиырылу реттілігін
санасыз түрде қамтамасыз етіп отырады (қимыл – қозғалыстарды «автоматты»
басқарады ).
Алдыңғы жіпшенің
негізгі өткізгіш жолдары :
1.
Қыртыс – жұлындық алдыңғы жол, tractus corticospinalis anterior,
мидың
орталықалды қатпарының пирамидалық
жасушаларынан басталып ,жұлында ақ
дәнекер арқылы қарама - қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде
орналасқан қозғалтқыш нейрондарға саналы импульстарды жеткізеді.
2.
Жұлын – таламустық алдыңғы жол, tractus spinothalamicus anterior
, миға жанасу
және қысым ( тактилдік) сезімталдығын өткізеді.
3.
Торлық – жұлындық жол, tractus reticulospinalis
,
мидың торлы құрылымынан
жұлынның қозғалтқыш нейрондарына келеді , басқа жолдар арқылы өтетін
импульстардың күшін,кернеуін реттейді және бұлшықеттердің тонусын
қамтамасыз етеді.
4.
Жамылғы - жұлындық жол, tractus tectospinalis
, ортаңғы мидың жоғарғы
төбешігінің (қыртысастылық көру орталығы) және төменгі төбешігінің
(қыртысастылық есту орталығы)
нейрондарынан басталып, жұлынның алдыңғы
мүйізінде аяқталады.Аяқ астынан туындаған дыбыстық,жарықтық жіті
ақпараттарға (тітіркендірулерге) қарсы (шартсыз рефлекстік тез қозғалыстар
арқылы ) қорғаныстық қызметті қамтамасыз етеді.
Пренаталдық онтогенездің алғашқы үш айында жұлын омыртқа бағанасының
өзегін
толық алып жатады. Жұлын нервтері жұлыннан горизонталды жазықтықта шығып,
сәйкес омыртқааралық тесік арқылы өтеді. Дамудың төртінші айынан бастап жұлынның
ұзаруы омыртқа бағанасының өсуінен қала бастайды. Сондықтан, жаңа туған нәрестенің
жұлынының төменгі шеті II немесе III бел омыртқаларының деңгейінде орналасады.
Осыған байланысты сәйкес омыртқааралық тесіктерден өту үшін бел,сегізкөз және
құйымшақ нервтерінің түбіршіктері төмен түседі, олардың жиынтығы
ат құйрығы,
cauda
equina
, деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: