Түбір өзектерін пломбылау асқынған тісжегіні емдеудің соңғы жауапты кезеңі болып табылады және тіс ұлпасы және оның ыдырандысынан тазаланған өзектер инфекция көзі болмау үшін жүргізілетін емдеу шараларының бірі.Түбір өзектерінің сапалы пломбылануы немесе толтырылуы (бітелуі) көптеген одонтогендік асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.